» » ЧЕМПИОНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

ЧЕМПИОНҒА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ

Спорттық жарыстарда биік белестерден көрініп жүрген, жуырда Испания мемлекетінде жастар арасында болған Әлем чемпионатында 81 келі салмақ дәрежесінде қола медаль иегері, ІІ дүркін Әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков пен жаттықтырушысы Айдар Ералиевті аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Нысанбев қабылдады. Сондай-ақ кездесуде чемпионның ата-анасы, аурухана қызметкерлері Аян Сәулебеков мен Кәмшат Тоқманбетоваға да құрмет көрсетілді.
Аурухана бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы чем- пионның жарқын жеңісін тілге тиек етіп, Құттықтау хатын табыс етті. Аурухананың кәсіподақ ұйымы атынан чемпионға 100 000 теңге сертификат, жаттықтырушысы Айдар Ералиевке Алғыс хат пен 50 000 теңге сертификатын берді.
Қабылдау соңында Ерасыл мен оның ата-анасы, тренері, денсаулық сақшыларына алғаусыз алғыстарын айтып, ризашылықтарын білдірді.
Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын дегендей, осындай аудан абыройын асқақтатар Айдар, Ерасылдай арландарымыз көп болғай. Чемпионның жеңісті де жемісті сәті молынан болсын деген тілек білдіреміз!
«ҚТ» ақпарат
08 қазан 2024 ж. 390 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№4 (10472)

17 қаңтар 2026 ж.

№3 (10471)

13 қаңтар 2026 ж.

№2 (10470)

10 қаңтар 2026 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 266
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 144

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031