» » АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ЕРАСЫЛ СӘУЛЕБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ

АУДАН ӘКІМІ ӘЛЕМ БІРІНШІЛІГІНІҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ ЕРАСЫЛ СӘУЛЕБЕКОВТІ ҚАБЫЛДАДЫ


Бүгін аудан әкімі Жандос Еркінбек ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының қола жүлдегері Сәулебеков Ерасыл Аянұлын қабылдап, алтынға бергісіз жеңісімен құттықтады.

– Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні Испанияның Леон қаласында өткен жастар арасындағы әлем чемпионатында жерлесіміз Сәулебеков Ерасыл қола жүлдегер атанды. Бұл жеңіс – алтынға бергісіз ауданымыз үшін спорт саласындағы зор жетістік болды. Ерасыл бұған дейін де жастар мен жасөспірімдер арасында әлем чемпионатының екі дүркін жеңімпазы атанған. Осы орайда, мен өз атымнан және аудан халқының атынан Ерасыл Аянұлына және оның бапкері Айдар Қойшыбекұлына шынайы алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да Сіздерге зор денсаулық пен жаңа жетістіктер тілеймін, – деді аудан басышысы.

Сонымен қатар, аудан әкімі ел абыройын асқақтатып, көк туымызды биікке көтерген жас спортшы мен оның бапкеріне қаржылай сыйақылар табыстады.

Өз кезегінде әлем чемпионы Ерасыл Сәулебеков пен спортшының бапкері Айдар Қойшыбекұлы тілектес болған аудан халқына рақмет айтып, ризашылықтарын білдірді.

Одан кейін, Қазақстан Республикасының Құрметті спорт қайраткері Е.Атабаев жас спортшыға ізгі тілегін жеткізді.

Жерлестеріміздің спорттағы жетістіктері мен табыстары арта берсін!

30 қыркүйек 2024 ж. 375 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10445)

11 қазан 2025 ж.

№76 (10444)

07 қазан 2025 ж.

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 636
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 406

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031