» » Бесік жыры – тәрбие бастауы

Бесік жыры – тәрбие бастауы

Атақты Төле биден «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деген терең сөз қалған. Ол жаугершілік кезінде босқан елдің ішінде бесік арқалап бара жатқан келіншекке қарап айтқаны екен. Мұхтар Әуезов «Ал, қазақ, мешел болып қалам демесең, тағылымыңды, бесігіңді түзе. Оны түзеймін десең, әйелдің халін түзе» деп жазыпты. Сондай-ақ, фольклордағы тұрмыс-салт жырларының көне түрінің бірі – бесік жыры.
Бесік жырын айтпайтын халық жоқ. Өйткені, бұл жырда әр ұлттың дәстүрлі мәдениетінің, ежелгі наным-сенімінің, дүниетанымының көрінісі жатыр. Қазақ халқы да бесік жырын тәрбиенің кәусар бұлағы деп таниды. Сәби тәрбиесі мен мінез-құлқын қалыптастыруда бесік жырының орны бөлек. Ол баланың көкірек көзін ашады. Жан-жүйесін тербеп, көңіл-күйін көтереді. Жалпы, әже мен ананың әлдиі сәбидің алғашқы өнер мектебі.
Қазір бесіктегі бөбекке бесік жырын айту ұмытылып барады. Осы олқылықтың орнын толтыру мақсатында Төретам кенттік клуб үйі «Бесік жыры – басты жыр» тақырыбында жас аналар фестивалін өткізді. Діттегені – жастарға бесік жырының маңыздылығын түсіндіріп, қазақы салт-дәстүрімізді жаңғырту.
Аталған іс-шарада Төретам кенттік клуб үйінің өнерпаздары шағын сахналық қойылым көрсетіп, отбасылық жылулық пен балалы үйдің бақытты сәтін айқын көрсетті. Фестивальге жас аналар қатысып, бесік жырын жырлап, ақ жаулықты аналар Дина Тілеуова мен Ахметкүл Аралбаева «бесікке салу» дәстүрін көрсетіп, жөн-жоралғысы мен ырымдарын жасады. Жанқожа батыр атындағы №269 орта мектептің Ләззат Жұмабаева бастаған жас қыз-келіншектер бесікке салу тойына құтты болсын айта келіп, одан әрі қыздыра түсті.
Мәдени іс-шараға Төретам кент әкімінің орынбасары Сәрсенкүл Есқалиева қатысып, өнерпаздарға диплом мен сыйлықтар табыстады. Фестивальге кент кәсіпкерлері демеушілік жасап, іс-шара соңында барша аналарға ақ орамал жауып, өз ризашылықтарын жеткізді.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА
02 қазан 2024 ж. 198 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 061

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031