» » Ардагерін ардақтаған ел азбайды

Ардагерін ардақтаған ел азбайды

Даналықтың кілті – ата-бабаларымыз. Қария – елдің басы, ақылын айтар данасы. Ата жолын жалғаған аталарымыз бен ақ жаулықты әжелеріміз қашанда құрметке ие. 1 қазан – халықаралық Қарттар күні. Осы айтулы мереке қарсаңында аудан ардагерлері Түркістан қаласына барып қайтты. Айта кетейік, биыл бұл іс-шара дәстүрлі түрде төртінші рет ұйымдастырылып отыр.
Иә, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету адамгершіліктің ең жоғарғы қасиеттерінің бірі болып саналады. Қай халықтың болсын түпкі тамырында үлкенді сыйлап, құрмет көрсету тереңде жатыр. Аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Шыңғыс Сыдықов ардагерлерді шығарып салу рәсіміне қатысып, оларға сәт сапар тіледі. Сондай-ақ ауданымыздың ілгері дамуына сүбелі үлес қосқан ардагерлерге алғысын білдіріп, алда келе жатқан мерейлі мерекемен құттықтады.
Іс-шарада аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков пен Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев сөз сөйлеп, аудан басшылығына ардагерлерге көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыс білдірді.
Түркістан сапары бағдарламасы бойынша ардагерлер «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесіне зиярат етіп, қайта жанданған қаланың «Керуен сарай», «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешендерін аралады.
Ардагерлер рухани астананың жаңарып, зәулім ғимараттардың бой көтеріп, өзгергенін және ерекше әсерге бөленгендерін жеткізіп, түрленген Түркістан сапарын ұйымдастырған аудан басшылығына алғыстарын жаудырды. Қазақта «Ұлық болсаң, кішік бол» деген мақал бар. «Елге еңбек еткен жақсы, еңбекті елеген ел жақсы» демекші, ардагерлер осы іске мұрындық болған ел азаматтарына осындай үлкенге көрсеткен сыйқұрметі үшін шексіз ризашылығын білдіріп, ақ батасын берді.
Ардагерлерді тарихи және киелі орындарға апару және оларға құрмет көрсету шаралары алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.
«ҚТ» ақпарат
01 қазан 2024 ж. 97 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (10344)

05 қазан 2024 ж.

№78 (10343)

01 қазан 2024 ж.

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 170

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031