» » Қаржылық сауаттылықты арттыру курсы басталды

Қаржылық сауаттылықты арттыру курсы басталды

Мемлекет басшысы азаматтарымыздың шамадан тыс несие алу мәселесіне бірнеше рет назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, Үкіметпен бірлесіп бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды тапсырды. Президентіміздің негізгі саясаты – реформаларды халық үшін және халықпен бірге іске асыру.
Бүгін қаржылық сауаттылықты арттыру курсы Жосалы кенті К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде басталды.
Арнайы оқыту сабақтарын өткізген курс оқытушысы Б.Мәмен «Қарызсыз қоғам» жобасының негізгі мақсаты ертеңгі ел экономикасын қалыптастыратын бүгінгі жастар үшін мемлекетте қаржылық білім беру жүйесін құру екенін атап өтті және
курсқа қатысушыларға қаражатты қалай жұмсау керектігі жайында толық ақпарат бере отырып, өз қаражатын тиімді басқаруды үйрену, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиені алудың және оны қайтарудың тиімді жолдарын және алаяқтық әрекеттерді қалай анықтау қажеттігі жайында курсқа қатысушылар толықтай білім алатын болады.
Оқу 5 күн, түске дейін өтеді. Курсқа қатысушылар 30 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жосалы кентіндегі К.Рүстембеков атындағы аудандық жыраулар үйінде сағат 09.00-12.30 аралығында оқиды.
Қатысушылар оқу барысында "Жеке қаржыны басқару" курсынан өтеді. Курсқа үзбей қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады.
Жобаға қатысуға ниетті азаматтар 2-22-92, 87079272868 байланыс нөмірлеріне хабарласу арқылы немесе qogamfin.kz сайты арқылы тіркеле алады.
30 қыркүйек 2024 ж. 332 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 919
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930