» » Қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда

Қаржылық сауаттылықты арттыру курсы жалғасуда


Мемлекет басшысы азаматтарымыздың шамадан тыс несие алу мәселесіне бірнеше рет назар аударды. Қасым-Жомарт Тоқаев өз Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасына ерекше тоқталып, Үкіметпен бірлесіп бұл бастаманы жалпыұлттық жобаға айналдыруды тапсырды. Президентіміздің негізгі саясаты – реформаларды халық үшін және халықпен бірге іске асыру.
Бүгін қаржылық сауаттылықты арттыру курсы Жосалы кенті Ш.Төлепова атындағы мәдениет үйінде жалғасуда.
Оқыту курсын аудандық партия филиалының төрағасы Ә.Қошалақов арнайы келіп, курстың маңыздылығын түсіндіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Курсқа қатысушылар жоба оқытушысы Б.Мәменнің көмегімен білімдерін жетілдіріп, қаржыға қатысты мәселелер қалай пайда болатынын, несиелік қарыздар санын азайтудың қандай жолдары барын, алаяқтық әрекеттерді анықтау бойынша білімдерін арттырды.
Қатысушылар 5 күндік оқу барысында "Жеке қаржыны басқару" курсынан өтеді. Курсқа үзбей қатысушыларға арнайы сертификат тапсырылады.
«Қарызсыз қоғам» жобасының қатысушылары қаржы кеңесшілерінің дәрістерінен бөлек, enbek.kz порталына тіркелу мен жеке кәсіп ашудан бастап, соттан тыс банкроттықты сүйемелдеу және берешекті өтеу кестесін жасауға дейінгі көптеген сұрақтар бойынша кеңес ала алады. Сондай-ақ, оқу процесіне қатысушыларға заңгерлердің де көмегі беріледі. Олар әр қарыз алушының несиелік тарихын жеке зерттейді және қарыз жүктемесін жеңілдету бойынша кеңес береді.
19 тамыз 2024 ж. 265 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№27 (10395)

15 сәуір 2025 ж.

№26 (10394)

12 сәуір 2025 ж.

№25 (10393)

08 сәуір 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 604
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930