» » Халықтық штаб: бізде АЭС салуға қажет дүниенің бәрі бар – кадр, тәжірибе, технология, шикізат

Халықтық штаб: бізде АЭС салуға қажет дүниенің бәрі бар – кадр, тәжірибе, технология, шикізат


АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб мүшелері Маңғыстау облысында болды. Олар «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес және тәуелді ұйымдарының қызметкерлерімен жүздесіп, атом энергетикасының өңірге және тұтас елімізге жол ашатын перспективаларды талқылады. Іс-шараға 150-ден астам адам қатысты.

Мемлекет басшысы еңбек адамына айрықша басымдық беретіні, олардың арасында ел дамуына өлшеусіз үлес қосып келе жатқан мұнай-газ саласының қызметкерлері ойып тұрып орын алатыны ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, Штаб мүшелері Президент бастамасымен Конституцияға түзетулер енгізілгенін, соған сәйкес жер мен оның қойнауындағы қазба байлық халыққа тиесілі екенін еске салды. Парламент депутаттары жер қойнауын пайдалану туралы жаңа заң қабылдады. Енді елімізде жаңадан ашылған барлық ірі кен орындары ұлттық компаниялардың 50% және одан жоғары үлесімен игерілуге тиіс. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдаланушы барлық компания енді қазба байлығы азайып бара жатқан кен орындарында жұмыс жүргізуді жалғастыруға немесе орналасқан аймақты дамытуға қаражат құюға міндетті. Соның нәтижесінде мыңдаған жұмыс орны сақталады.

«Бәріміз де қуатты, тәуелсіз мемлекетте өмір сүргіміз келеді. Балаларымыздың да осындай елде өмір сүргенін қалаймыз. Сондықтан, қазір немқұрайлық танытып, сыншылардың сөзіне еруге, алып-қашпа әңгімелерге арқа сүйеуге болмайды. Сындарлы көзқарас танытып, ел игілігі жолында батыл шешім қабылдауымыз керек. АЭС – біз айтып отырған батыл шешім. Баршаңызды 6 қазанда референдумға келіп, АЭС құрылысына дауыс беруге шақырамын», – деді Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов.

Халықтық штабтың жұмысы жөніндегі барлық өзекті ақпарат aes2024.kz сайтында.

28 қыркүйек 2024 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (10432)

26 тамыз 2025 ж.

№63 (10431)

23 тамыз 2025 ж.

№62 (10430)

19 тамыз 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 281
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Жосалы жаңару жолында
26 тамыз 2025 ж. 1 420

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031