» » Жастарға АЭС маңыздылығы түсіндірілді

Жастарға АЭС маңыздылығы түсіндірілді


Бүгін АЭС салуды қолдау жөніндегі Қармақшы аудандық штаб мүшелері Мақсат Есбенбетов, Сейл Жұмадьяров пен Бақытбек Кеңесов Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің жастарымен кездесті.

Кездесуде аудандық штаб өкілдері елдегі энергетика тапшылығына тоқталып, мәселенің алдын алуға бағытталған жұмыстарды атап өтті. Соның ішінде АЭС құрылысы мемлекет үшін ең тиімді жоба екенін тілге тиек етті.

"Егер біз де дамыған елдер қатарына қосылғымыз келсе, атом электр станциясы сияқты жобаларды қолға алуымыз керек. Атом электр станциясын салу экономикалық тұрғыдан да тиімді, әрі нәтижесі ұзақ мерзімді болады. Сонымен қатар халықтың өмір сүру сапасын жақсартуға ықпал етеді", - деді штаб мүшесі Мақсат Есбенбетов.

Аудандық Халықтық штаб мүшелері АЭС қауіпсіздігі, жобаның орындалу мерзімі мен ел азаматтарының жұмысқа орналасу мәселесіне де тоқтап өтті.

"АЭС құрылысы еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қажетті қадам ғана емес, сондай-ақ төмен көміртекті экономикаға жаһандық көшу жағдайында елдің экономикалық және әлеуметтік дамуының маңызды факторы болып табылады", - деп атап өтті Сейл Жұмадьяров.

Штаб мүшесі Б.Кеңесов атом энергиясы экономиканың маңызды қозғалтқышына және жоғары технологиялық сектордың локомотивіне айналады. Іргелес салалар үшін орасан зор әсер береді және ғылыми зерттеулердің өсуіне әкелетіндігі туралы жеткізді.

Кездесу соңында жастардың сұрақтарына жауаптар беріліп, ұсыныс-пікірлері тыңдалды.
27 қыркүйек 2024 ж. 226 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

№92 (10460)

02 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 044
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 712

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031