» » Жақсылықта шекара болмайды

Жақсылықта шекара болмайды

Қазіргі таңдағы қазақ елінің жастары елдің ертеңгі тұтқасын ұстайтыны айқын. Десе де жас ұрпақ – мемлекетіміздің басты құндылығы. Олардың толыққанды білім алып, саналы азамат болып қалыптасуына ықпал ету – басты міндетіміз.

Осыған орай Т.Ізтілеуов атындағы №29 орта мектепте жаңа оқу жылының қарсаңында жыл бойы жалғасын табатын «Мектепке жол» республикалық акциясы барысында белсенді жұмыс жүргізілді. Жаңа оқу жылында ұйымдастырылған акция «Мектепке жол – шекарасыз жақсылық» ұранымен өткізілді. Акция 1 тамыз бен 30 қыркүйек аралығын қамтитын болады. Оның басты мақсаты – әлеуметтік мәртебеге ие отбасынан шыққан, ата-ана қамқорлығынсыз қалған оқушыларға материалдық тұрғыда көмек көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу.

Акция аясында мектеп бойынша әлеуметтік көмек қажет ететін оқушылар анықталып, ата-аналарының өтініші негізінде оларға көмек көрсетілді. Демеушілерді тарту арқылы әртүрлі бизнес өкілдеріне сұраныс хаттар жолданды.  
Осылайша оқу жылында жалпы 40-қа жуық оқушыға 400 000 теңге көлемінде көмек ұйымдастырылды. Осы жылы акцияға 20-дан аса кәсіпкерді тарту көзделіп отыр. Оқушыларға көмек ұйымдастыруда мектеп формасы, оқу құралы, мектеп сөмкесі және қажет болған жағдайда демеушілер тарапынан қаржылай да көмек көрсетілді. 

Оқушыларға демеуші болып, қолдау көрсеткендердің басым көпшілігі – мекемелер, жеке кәсіпкерлер. Атап айтатын болсақ, «Тұрмағамбет» ЖШС, «Мұрагер» ЖК, Қ.Бүрлібаев атындағы ауылдық клуб үйі, «Халық Банкі», «Amanat» партиясының аудандық филиалы, кәсіпкер Рабиға Балғабаева, №10 Қызғалдақ балабақшасы, «Нұр-Берер» ЖҚ және мектеп мұғалімдері демеушілік жасады.  
«Мектепке жол» республикалық акциясы жыл бойы жалғасын табады және оқушылардың әлеуметтік жағдайы басты назарда болады. 
Жақсылық жасау – күн шуағындай адам жүрегін нұрға бөлейді. Ал балаға қуаныш сыйлау бақыттың биік шыңы. Осы орайда мектеп оқушыларына көмек көрсетіп, қол ұшын созған әрбір жанға шексіз алғыс білдіреміз.

 Ж.БАЙСҮГІРОВА,
№29 орта мектептің әлеуметтік педагогі
22 қыркүйек 2024 ж. 39 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№77 (10342)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (10341)

24 қыркүйек 2024 ж.

№75 (10340)

21 қыркүйек 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 1 986

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30