» » «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алу үшін 30 мыңға жуық өтініш түсті

«Мектепке жол» акциясы аясында көмек алу үшін 30 мыңға жуық өтініш түсті

Қызылорда облысында «Мектепке жол» жалпы республикалық қайырымдылық акциясы бастау алған болатын. Тамыздың 1-нен бастап қыркүйек айының 30-на дейін жалғасатын акцияға басталғаннан уақыттан бері бүгінде облыс бойынша 29 774 балаға көмек көрсету жөнінде өтініш түсіп отыр. Қазіргі таңда құжаттарды қабылдау және сәйкестігін қарау жұмыстары жалғасуда.
Ағымдағы жылы берілетін материалдық көмектің мөлшері 40 567 теңгені құрайды. Сонымен қатар, облыста кәсіпкерлердің қолдауымен мектеп жәрмеңкелері ұйымдастырылады. 5-30 тамыз аралығында Қызылорда қаласы, Қорқыт Ата көшесі №55 мекенжайындағы «SMALL» сауда орталығы ғимаратының алаңында отандық тауар өңдірушілердің жәрмеңкесі өткізіледі. Онда жеңілдетілген бағамен мектеп киімдері мен кеңсе тауарларын сатып алуға болады, - деді облыстық білім басқармасының балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік қорғау бөлімінің басшысы Шолпан Жүнісова.
Айта кетейік, 16 жылы дәстүрлі түрле өткізіліп жатқан «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы биыл «Жақсылық жаса» ұранымен өтеді. Акция аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан сондай-ақ, асыраушысынан айырылған, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға әлеуметтік қолдау көрсетуге бағытталған.
Акция барысында көмекке мұқтаждар үшін облыстық білім басқармасы арнайы Call орталығын іске қосты. Барлық сұрақтар бойынша 60-54-58, 60-54-81, 87753706015 байланыс нөмірлеріне хабарласуға болады.
Қызылорда облысының білім басқармасының баспасөз қызметі
08 тамыз 2023 ж. 419 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№49 (10417)

04 шілде 2025 ж.

№48 (10416)

01 шілде 2025 ж.

№47 (10415)

28 маусым 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 992
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031