» » Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбыр, жел және күн суытады

Алдағы үш күнде ел аумағында жаңбыр, жел және күн суытады

"Қазгидромет" синоптиктері қазақстандықтарға алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Синоптиктердің айтуынша, алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. 

Метеорологтар ауқымды антициклон Қазақстанның басым бөлігін әлі де алып жатқанын атап өтті.

"Ауа райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Тек еліміздің оңтүстік жартысы ғана циклонның және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөліктердің ықпалында болады, яғни жаңбыр жауып, найзағай ойнайды", - делінген "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі хабарламасында.

Синоптиктер сонымен қатар республика бойынша жел күшейетінін ескертті.

Түнде және таңертең еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі.

Қыркүйекте температура 2 градусқа төмендеп, күн суытады.


20 қыркүйек 2024 ж. 193 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№28 (10496)

18 сәуір 2026 ж.

№27 (10495)

14 сәуір 2026 ж.

№26 (10494)

11 сәуір 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 920
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 563

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930