» » Жастар жайы талқыланды

Жастар жайы талқыланды

Аудан әкімі Жандос Еркінбекұлының төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде «Жастар арасында бұқаралық спортты дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы» аудандық дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімін, «Төретам кенті бойынша мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы» Төретам кенті әкімі және «Ауданда жастар саясаты саласында атқарылған жұмыстар туралы» аудандық жастар ресурстық орталығының директоры Н. Пірназаров баяндама жасады.

Аудан әкімі жастар арасында бұқаралық спортты дамыту мақсатында Ақай, Дүр Оңғар және ІІІ Интернационал ауылдарында жалпы құны 1,3 млрд. теңге болатын дене-шынықтыру кешендерінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын және аталған нысандар осы жылы толық аяқталып, пайдалануға берілетін баса айтты. Сондай-ақ, биыл аудандық бюджет қаражаты есебінен Жосалы кенті мен Алдашбай ахун, Т. Көмекбаев ауылдық округтерінде жалпы 4 балалар ойын және футбол алаңдары салынып, пайдалануға берілгендігін атап өтті.

Одан бөлек, жасөсіпірімдерге спортпен шұғылдануға қолайлы жағдай жасау үшін облыстық бюджет есебінен 98 млн. теңге қаржы бөлініп, ауданымызғы 6 мектепте спорт алаңдарына жаңғырту жұмыстары жүргізілетінін жеткізді. Одан кейін мүдделі орган басшыларына жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды кең көлемде насихаттау, NEET санатындағы жастарды әлеуметтендіру тапсырды.

Сонымен қатар, тиісті сала басшылары мен кент, ауылдық округ әкімдеріне жастар мен жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық профилактикасын күшейту және жастардың бейім болып келетін лудомания, суицид, ерте жүктілік, топтық төбелес сияқты теріс қылықтардан аулақ болуға және электронды темекі (вейп) тәрізді рұқсат етілмеген заттарды қолдануына жол бермеу мақсатында тиісті шаралар қабылдау жөнінде нақты міндеттер жүктеді.
19 қыркүйек 2024 ж. 286 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (10464)

16 желтоқсан 2025 ж.

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 088
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 746

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031