Жастар кеңесі өтті
АУДАН ӘКІМІ ӘДІЛБЕК ЕРСҰЛТАНОВТЫҢ ТӨРАҒАЛЫҒЫМЕН ӘКІМДІК ЖАНЫНДАҒЫ ЖАСТАР ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕС ОТЫРЫСЫ ӨТТІ. ЖИЫНҒА ДЕРБЕС БӨЛІМ МЕН МЕКЕМЕ БАСШЫЛАРЫ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМДЕРІ ОНЛАЙН ҚАТЫСТЫ.
Күн тәртібінде жастар саясатына қатысты үш мәселе қаралып, тиісті сала басшыларының баяндамасы тыңдалды. Алдымен «NEET» санатындағы жастардың ахуалы бойынша Жастар ресурстық орталығының директоры Сырым Әділбеков баяндама жасап, атқарған жұмысына тоқталды.
– Биылғы жылдың қаңтар, ақпан айларында «NEET» айы болып қайта жарияланып, аула аралау мақсатында 2 кент және 12 ауылдық округтер бойынша 15-28 жас аралығындағы жұмыссыз NEET санатындағы жастарды анықтау жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде 5126 жастан сауалнама алынып, оның ішінде 553 жас NEET санатына енгізілді. Жастармен жұмыс жасауда аудандағы орталық жылдық іс-шаралар бекітіп, ауқымды жобаларды жүзеге асыруда. Бүгінгі күнге дейін әртүрлі бағытта 128 іс-шара атқарылды, – деді ол.
Мұнан соң екінші, үшінші мәселе бойынша Төретам кенті мен Ақай ауылдық округінің әкімдері мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы хабарлама жасады.
Жиын соңында аудан басшысы жастар арасындағы топтық төбелестің алдын алу, жұмыссыздықты азайтып, жас кәсіпкерлерді көбейту сынды мәселелерді көтеріп, тиісті сала басшыларына бірқатар тапсырма жүктеді.

Ерсін СӘДУҰЛЫ