» » Президент жолдауын қолдайды

Президент жолдауын қолдайды

[spoiler][/spoiler]
Осы жылдың 2 қыркүйегінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты дәстүрлі Жолдауы халыққа жарияланған соң жер-жерде ақпараттық-насихаттық топтары құрылып, жұмысын бастады. Сонымен қатар жолдауда қозғалған өзекті мәселелер бойынша қоғам қайраткерлері мен белсенділері де тұрғындармен, ұжым мүшелерімен кездесіп, түсіндірме жүргізуде.

Соның бірі – сейсенбіде ауданымызға арнайы іс-сапармен келген облыстық мәслихат депутаты, ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Әмірбек Шаймағамбетовтың қатысуымен өтті.

Халық қалаулысы аудандық полиция бөлімнің мәжіліс залында полицияның жеке құрамымен кездесу өткізіп, еліміздің бүгінгі тыныс-тіршілігіне, бағыт-бағдарына тоқталды. Сондай-ақ тәртіп сақшыларына қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу мен тәртіптілікті сақтауда өз тәжірибесінен кеңінен әңгіме қозғап, бөлімнің атқарып жатқан жұмыстарымен танысты.

Кездесуде Ә.Бердібекұлы жақында Қазақстан халқына жариялаған Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауына сәйкес, ондағы басым бағыттарға егжей-тегжейлі тоқтала келе Жолдауды халық арасында түсіндірудің мәні зор екенін атап айтты.

– Себебі, бұл құжатта қазақстандықтардың әлеуметтік ахуалын көтерудің нақты міндеттері мен мақсат-мұраттары айқындалған. Мемлекет басшысының биылғы Жолдауы да әдеттегідей, барлық саланы қамтыды. Біз құқық қорғау органының азаматтары «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын терең орнықтыру қажет» атты жолдаудағы тоғызыншы бағытты басты назарымызға алуымыз керек. Онда цифрлық технологияның өмірімізге дендеп кіруі – елімізде алаяқтардың көбеюіне әкеліп соғып отырғаны баса айтылады. Бұл ретте жалпы мемлекет тарапынан халықтың қаржылық жағынан сауатын арттыруға «Amanat»партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасының жақсы әсері болғанын да тілге тиек етеді.

Президенттің «...Қазір «Құқықбұзушылықтардың алдын алу туралы» заң жобасы әзірленіп жатыр. Осы заңның талаптарын орындау үшін қоғам мен мемлекеттік аппарат күш жұмылдыруы керек. Сонда ғана жағдайды түзетіп, заң үстемдігін және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете аламыз» деуі – орган қызметкерлеріне үлкен жауапкершілік жүктейді.

Одан бөлек, полиция қызметкерлерін әлеуметтік жағынан қолдау мәселесі де сөз етілді. Алда атқарылатын іс-шаралар мен қолға алынған жұмыстар барысы да назардан тыс қалмады, – деді ол.

Кездесу қорытындысында саналы өмірін құқық қорғау саласына арнаған ішкі істер органдарының Құрметті ардагері Әмірбек Шаймағамбетов тәртіп сақшыларын қырағы болуға шақырып, ақыл-кеңесімен бөлісті.
Сәрсенкүл РАЙЫМБАЕВА
 
14 қыркүйек 2024 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

№87 (10352)

02 қараша 2024 ж.

№86 (10351)

29 қазан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 2 952

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930