» » КАРЛАГ – МӘҢГІЛІК ЕСТЕЛІК ЗОНАСЫ

КАРЛАГ – МӘҢГІЛІК ЕСТЕЛІК ЗОНАСЫ

Жақында аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы мен «Нұр Отан» партиясының «Тарлан тарих тағылымы» аты жобасы және 31 мамыр – «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне байланысты «Карлаг – мәңгі естелік мекені» атты тарихи-танымдық басқосу өтті.
Кітапхана библиографы Бибігүлсін Раеваның жүргізуімен өткен шарада сол бір зұлмат жылдары Кеңес Одағы Үкіметінің солақай саясатымен қуғын—сүргінге ұшырап, жазықсыз жазаланған Әбен Ниетбаевтың баласы Осман Ниетбаев әкесі мен басқа да жазықсыз жазаланғандар өмірінен естелік айтты.
Содан соң сөз алған Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсыбай Жәкеев, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Әбдірахман Құлдүйсенов, аудандық әйелдер кеңесінің төрайымы, аудандық мәслихат депутаты Күлжауһар Раева, аудандық кітапхана директоры Күлшара Қаниева және басқалар сөз сөйлеп, тақырып аясында өз пікірлерін білдірді.
Шара барысында жыршы Берік Аққалиев жыр жырласа, кітапхана қызметкерлері Динара Қосназарова, Ғазиза Ақжанова, Назерке Жүсіпбековалар тақырып аясында өлең оқыды.
Сонымен бірге, аталмыш шараға қатысуышы Күлжауһар және Бибігүлсін Раевалардың Қарағанды қаласы маңындағы Долинка елді мекенінде орналасқан «Карлаг» лагері-мұражайында көрген-естігендері жайлы түсірілген бейнефильмді тамашалады.
Н.Жанәділов.

01 маусым 2018 ж. 2 381 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№75 (10443)

04 қазан 2025 ж.

№74 (10442)

30 қыркүйек 2025 ж.

№73 (10441)

27 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 562
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 361

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031