» » Аз тартпады қазағым, тағдырдың зұлмат азабын

Аз тартпады қазағым, тағдырдың зұлмат азабын

Орталық кітапханада «Рухани жаңғыру » тұғырнамасы және «Нұр Отан» партиясының «Тарлан тарих тағылымы » атты жобасы аясында 31 мамыр «Саяси қуғын-сүргін құрбандарын » еске алу күніне орай «Карлаг-мәңгі естелік зонасы» атты тарихи-танымдық басқосуы болып өтті. 31 мамыр – бүкіл қазақ баласы көкірегін қарс айырып, бір сәт күрсінетін күн. Өлгенге иман, өткенге салауат тілейтін күн. Қаскөй саясаттың қанқұйлы қасап-қыспағынан қапыда мерт болған қаншама қазақ баласын жоқтайтын күн. Орны толмас бұл қасірет бұрынғы ТМД мемлекеттері бойынша 7 млн адамның құрбан болуына әкеп соқтырса, олардың 1,5 млн-нан астамы Қазақстанға тиесілі еді. Деректерге көз жүгіртсек, нәубет жылдарында, дәлірек айтқанда, 1927-1939 жылдар арасында Қазақстанда 100 мыңнан астам адамның қуғын көріп, 25 мыңнан астам адамның атылғаны туралы айтылады. Ал біздің облыс бойынша қуғын-сүргінге ұшыраған 7 мыңнан астам адамның 69-ы қармақшылық, яғни өз ата-аналарымыз, олардың бауырлары болып шықты. Тақырыпқа сай «Қасірет тартқан тағдырлар» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.Танымдық кешті Жосал кенті Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Жакеев ашты. Саяси қуғын-сүргін құрбаны жазықсыз жазаланған Әбен Ниетбаев атамыздың ұлы Осман аға Ниетбаев әкесінің өмір жолдары туралы естелік айтты. «Қазақ тілі» қоғамы аудандық филиалының төрағасы Ә.Құлдүйсенов зұлмат жылдар зобалаңы туралы өз ойын ортаға салды. Қаралы жылдар куәсі – Қарлаг. Қарағандының Долинка кентінде орналасқан Қарлаг мұражайында болып, ел тарихының «ақтаңдақ» кезеңіне куә болып қайтқан аудандық мәслихаттың депутаты К.Раева, орталық кітапхананың әдістеме-библиография бөлімінің меңгерушісі Г.Төлегенқызы видео көрсетілім, слайдтар арқылы айтып берді.Қарағандыдан 50 шақырым қашықтықта орналасқан Долинка кенті Кеңес заманында жан-жағы темірмен қоршалып, мұнда тек рұқсатпен кіру ғана мүмкін болған. Оған себеп осы аймақта 1931-1959 жылдар аралығында жұмыс істеген Қарлаг лагері еді. Екі қабатты ғимаратты толықтай қамтыған мұражай әрқайсысы өзіне тән бейне, фото және музыкамен көркемделген 17 экспозициялық залдан тұрады. Қарлаг жұмыс істеген 28 жылда мұнда 1 миллионнан астам адам тұтқында болған. Кітапханашылар Д.Қосназарова, Н.Жүсіпбековалар Қарлаг лагері өлеңдер оқыса, Ғ.Ақжанова «Курт — драгоценный камень» атты өлеңді оқыды. Жыраулар үйінің үйірме жетекшісі Б.Аққалиев жырдан шашу шашты.Басқосуды орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры К.Қаниева қортындылап, Осман ағайға сый-сияпат жасады. «Ораз ахун» мешітінің имамы Н.Рахметдуллаев зұлмат жылдардың зардабына ұшыраған азматтарға арнап құран бағыштады.
01 маусым 2018 ж. 2 312 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 035

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031