Әскери құрылымның ел тыныштығы үшін маңызы зор
Биыл ҚР Ұлттық Қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаментінің құрылғанына ширек ғасыр толды. Елге қалтықсыз қызмет етіп, шекара шебінде қырағылық көрсетіп, антына адалдық танытқан әр әскери қызметшінің департамент дамуына қосқан үлесі өлшеусіз. Жүректілікпен қатар, жылдамдықты, төзімділік пен табандылықты қажет ететін бұл қызметті нағыз ер атқаратыны анық.
Атаулы дата қарсаңында ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті бастығының орынбасары Серік Абусұлтанов пен «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асан Худаяров Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында мерекенің маңыздылығын айтып, атқарылған жұмыстарды баяндап берді.
– Мұндай жерді кірпік қақпай күзету тек біздің қайсар шекарашыларға ғана тән. Уақытқа сәл шегініс жасасақ, жиырма жылдан асқан әскери құрылымның ел тыныштығы үшін атқарылып отырған маңызы зор. ҚР ҰҚК Төрағасының 1999 жылы 15 қыркүйектегі бұйрығына сәйкес, Қазақстан Республикасының оңтүстік бағыттағы Мемлекеттік шекарасын нығайту мақсатында және Қазақстан Республикасы ҰҚК Шекара кызметінің даму бағдарламасына сай тұрақты кызмет атқарып келеді. Аймақтағы департамент сол жылдан бастап Өзбекстанмен арадағы шекараны нығайту, елдің саяси жене экономикалық мүдделерін қорғау, заңсыз көшіп – қонудың алдын алу, қазақ еліне қару-жарақ, оқ-дәрі, есірткі мен радиоактивті заттарды заңсыз кіргізбеу міндеттерін мінсіз атқарып келеді, – деді Серік Есенжолұлы.
ҚР ҰҚК шекара қызметінің облыс бойынша департаментіне – 25 жыл
– Мемлекеттік шекара – мемлекеттіліктің маңызды атрибуты, кез келген елін қауіпсіздігін қамтамасыз етудің алғашкы шегі, мызғымас тірегі, Тауелсіздігіміздің кепілі. Сондықтан да Отанымыздың шекарасын сенімді күзету және корғау ел қауіпсіздігін сақтаудағы алатын орны ерекше. Жалпы шекара қызметінде заман талабына сай ауқымды реформа, яғни қайта құру жұмыстары жүргізілді. Мемлекеттік шекараны мінсіз кузету мақсатында кадрлық құрамды нығайту, заманауи арнайы техникалық құралдарымен жабдықтау, шекара белімшелеріндегі жеке құрамның қолайлы тұрмыстық жағдайларын жасау мен жақсарту сияқты кешенді шаралар біртіндеп жүзеге асырылып жатыр. Ел мен жерді қорғау нағыз ер азаматтың ғана қолынан келетін іс. Мереке құтты болсын!, – деді Асан Беркімбайұлы.
Фото: Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі