» «Жас сарбаз – жаңа белес»

«Жас сарбаз – жаңа белес»

Қызылорда облысы Жастар ресурстық орталығында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының «Жас сарбаз – жаңа белес» атты іс-шарасы өтті.
2022 жылды қорытындылайтын іс-шараға Жастар ресурстық орталығының директоры Талғат Оспанұлы, «Қарулы күштердің ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы, Қарулы күштердің құрметті ардагері Мыңділда Ршауов, Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов пен «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы, Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай және қоғам өкілдері, арнайы қонақтар қатысты.
Республика мен облыс көлемінде жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы ауқымды істер атқарып келеді. Тәуелсіздігіміздің баянды болуы жолындағы жастардың бойына сіңіріп жүрген патриоттық, батырлық және еліне, жеріне адал болу сияқты қасиеттерінің дамуына әскери қызметшілеріміз бен Қарулы күштер ардагерлерінің де қосқан үлесі орасан.
Іс-шара барысында Сыр еліндегі әскери-патриоттық бағыттың дамуы мен патриоттық тәрбиелеуге үлес қосқан, ерекше қолдау білдірген бірқатар азаматтар «Құрмет грамотасы» және «Алғыс хаттармен» марапатталды. Жыл бойына көптеген әскери сайыстарда жоғары нәтиже көрсетіп, биік шыңдардан көрінген «Жас сарбаз» қозғалысының үздік тәрбиеленушілеріне де арнайы алғыс хаттар табысталды.
Іс-шара соңы жас өнерпаздармен талантты жастардың өз өнерлерімен тәнті еткен концерттік бағдарламасына ұласты.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
---
29 желтоқсан 2022 ж. 207 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

№32 (10297)

23 сәуір 2024 ж.

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031