» » Жас патриоттар салтанатты түрде ант берді

Жас патриоттар салтанатты түрде ант берді

25 қазан – Республика күні мерекесі қарсаңында Қызылорда қаласының «Өркениет» медициналық колледжінің 20 студенті «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарын толықтырып, салтанатты түрде ант берді.
«Өркениет» медициналық колледжінің акт залында өткен салтанатты рәсімге Қызылорда облысы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Алмат Жақыпов, "Ерлік" үйлестіру кеңесі" қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Ауған соғысының ардагері Қайраддин Баймаханов, «Жас сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Әкімжан Төлебай және қоғам өкілдері қатысты.
Шара басында медицина колледжінің басшысы Анар Жүндібайқызы сөз сөйлеп, жас патриоттардың батыл қадамдарына сәттілік тіледі. Қатысушылар мен қонақтар оқу орнының салтанатты шараға арнайы дайындаған өнерлі студенттерінің концерттік бағдарламасын тамашалады.
Айта кетсек, «Өркениет» медициналық колледжінің алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің оқытушысы Ғалымжан Тантақовтың бастамасымен алғашқы әскери және технологиялық дайындық кабинеті қайта жөндеуден өтіп, жастардың әскери дайындықтарын жетілдіруіне жол ашып, керек заттармен жабдықталды.
Ант беру рәсімі алдында патриот жастардың жүзінен қуаныш сезімдері байқалып тұрды. Ал, біраз студенттер осы ант беру рәсімін асыға күткендерін де жасырмады. Клубтың болашақ мүшелері ел игілігі жолында адал қызмет етуге сөз беріп, «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарын толықтырғандарын мақтан етті.
- Бүгін, 20 студент, яғни, 12 ер бала және 8 қыз бала «Жас сарбаз» республикалық әскери-патриоттық қозғалысының қатарына қосылдық. Бұл - мен үшін мақтаныш. Бала кезден әскери адам болуды армандайтынмын. Міне, осы ант қабылдауым сол арманымның бастамасы деп ойлаймын, - деді «Өркениет» медициналық колледжі "Жас сарбаз" әскери-патриоттық клубының мүшесі Досмат Келжан.
Сайыс соңында «Жас сарбаз» әскери-патриоттық қозғалысы Қызылорда облыстық филиалының төрағасы әскери-патриоттық клубының взвод командирі Досмат Келжанды арнайы алғыс хатпен марапаттады.
Қазіргі уақытта "Жас сарбаз" республикалық қоғамдық бірлестігі 7000-нан астам әскери-патриоттық клубтың басын қосты.
Қызылорда гарнизоны баспасөз қызметінің бастығы
лейтенант Мұхит Қонаров
25 қазан 2022 ж. 489 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 276

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 373

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930