» » Әскери қызметке қабылдау жүргізілуде

Әскери қызметке қабылдау жүргізілуде


ҚР ҰҚК Шекара қызметінің Қызылорда облысы бойынша департаменті азаматтарды келісім-шарт негізінде әскери қызметке қабылдау жүргізуді бастады. Сондай-ақ, ҰҚК Шекара академиясына, одан бөлек шет елдердің әскери оқу орындарына қабылданатын үміткерлерді де іріктейді. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңына сала мамандары келіп керек мағлұматтарымен бөлісті.

- Шекара академиясы мектеп түлектерін оқуға қабылдау науқаны басталды.
Бұл келесі жылдың наурыз айына дейін жүргізіледі. Шекара қызметіне жоғары немесе арнайы орта білімі бар, мерзімді әскери қызметін шекара бөлімдерінде өтеген 25 дейінгі азаматтар да үміткер бола алады. Сонымен қатар, жоғары білімі бар, алайда жұмыссыз жүрген облыс жастарын жұмысқа қабылдау науқаны жүріп жатыр. Оның белгілі бір мерзімі жоқ. Айта кету керек, жоғарғы оқу орнын бітірген,әскери кафедраны оқыған запастағы офицер мамандары да бізге қазіргі таңда қажет. Күнделікті қабылдау жүргіземіз. Таңғы сағат 09:00 мен кешкі 19:00 аралағындағы қабылдаймыз. Мемлекетіміздің шекара шебін күзететін жандарды күтеміз,- деді ҚР ҰҚК Шекара қызметі Қызылорда облысы бойынша департаменті, тәрбиелік идеологиялық және кадрлық жұмыстары бөлімшесінің бастығы Данияр Жұпарбеков.

- Шекара қауіпсіздігі – мемлекеттің тұрақты дамуының кепілі. Темірдей тәртіпке төзімді, қажыр-қайраты жететін мамандарды дайындап шығару біздің міндетіміз. Шекарашы болуды үлкен бақыт деп санаймын. Себебі елдің тыныштығын қызғыштай қорып, күзету мее үшін үлкен мәртебе. Ал бұл қабылдауды жастарға берілген тамаша мүмкіндік деп білемін. Есігіміз әрдайым ашық. Патриот азаматтарды күтетін боламыз,-деді «Застава тарландары» Республикалық қоғамдық бірлестігі Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Асан Худаяров.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

18 шілде 2024 ж. 339 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 398
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 199

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930