» » Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жалғасуда

Көктемгі мерзімді әскерге шақыру науқаны жалғасуда


Әскер – әр азамат үшін шыңдалу мектебі. Ер баланы отансүйгіштікке баулып, ұлтжандылыққа дайындауда әскери өмірдің алар орны ерекше. Темірдей тәртіпке төзіп, ел мен жердің қадірін терең ұғынатын сәттің бәрі әскери борышты өтеу барысында шын сезіледі. Биылғы көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны да аяқталуға жақын. Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Қызылорда облысының Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов облыстағы көктемгі әскерге шақыру науқанының қалай жүзеге асырылып жатқанын айтты.

- Облыс азаматтарын мерзімді әскери қызметке шақыру науқаны жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Биылғы жылдың 1 наурызы мен 30 маусымы аралығында 18-27 жас арасындағы 850-ге жуық азамат түрлі әскери құрылымдарда қызметін өтейді. Атап айтқанда, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметіне 160-қа жуық азамат аттанса, Қарулы күштер қатарына 400-ге жуық, ал мемлекеттік күзет қызметіне 11 азамат әскери борышын өтеуге жолданды. Ал, Ұлттық ұлан қызметінде 275-ке жуық азамат әскери борышын өтемек. Айта кету керек, сарбаздардың мерзімді қызмет кезінде несие мерзімін 1 жылға тоқтатуға, білім беру секторында жеңілдіктер беруге (ұлттық бірыңғай тестілеусіз жоғары оқу орындарына түсуге мүмкіндіктері бар), сондай-ақ, олардың отбасы мүшелеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу сияқты жеңілдіктер қарастырылған. Әскери қызметке шақырылушы азаматтарды хабардар ету 1414 сервис қызметі пилоттық режимінде SMS хабарламалар жіберу арқылы жүзеге асады, - деді Алмат Алмасұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

06 маусым 2024 ж. 220 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 263

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 362

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930