» » 700-ден астам сырбойылық азамат әскери қызметін өтейтін болады

700-ден астам сырбойылық азамат әскери қызметін өтейтін болады


Бүгінде Қызылорда облысында көктемгі мерзімді әскери науқанға шақыру шаралары жүргізілуде. Осыған сәйкес, 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 700-ден астам сырбойылық азамат еліміздің Қарулы Күштерінде және басқа да әскери құралымдарында отан алдындағы борышын өтейтін болады. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие, идеологиялық және әскери – патриоттық жұмыстары басқармасының бастығы – департамент бастығының орынбасары, подполковник Алмат Жақыпов хабарлады.
Жалпы көктемгі мерзімді әскери науқанға ҚР Қарулы күштерге – 300 адам, Ұлттық ұланға – 230 азамат, ал ҚР ҰҚК Шекара қызметіне – 170-ке жуық, Мемлекеттік күзет қызметіне – 2 адам шақырылады.
-Сыр елінің азаматтарын көктемгі мерзімді әскерге шақыру жұмыстары 1 наурыздан басталған болатын. Қазіргі таңда азаматтарды әскери қызметке жіберу жұмыстары белсенді жүргізілуде. Сондай-ақ, Отан алдындағы әскери парызды өтеуге байланысты насихат жұмыстары да жүйелі түрде ұйымдастырылуда. Бұдан бөлек, 10-11 сынып оқушылары мен жоғары және орта оқу орындарында облысымыздың ардагерлер қауымының қатысуымен еркін форматта кездесу өтті, - деді Алмат Алмасұлы.
Брифинг барысында подполковник Жасұлан Шанқұлов әскерге шақырудан кімдердің босатылуы мүмкін екендігі және мерзімді әскери қызметке шақырылған азаматтар үшін қандай жеңілдіктер көзделгені туралы ақпарат берді.
-Қорғаныс ведомствосы еліміздің қырықтан астам жоғары оқу орындарымен жасалған келісімдері бойынша Отан алдындағы борышын өтеген жастар әскерден кейін екі жыл ішінде жоғары оқу орындарына ақысыз, ҰБТ тапсырусыз түсе алады. Бұл ретте үздіктердің үздігі жоғары оқу орындарында тегін білім алатын болады. Сондай-ақ, әскери кафедраға конкурстан тыс түсуге де мүмкіндік қарастырылған, - деді мерзімді әскери қызметке әскерге шақыру бөлімінің бастығы подполковник Жасұлан Шанқұлов.
Айта кетейік, биыл 1 наурыздан бастап азаматтарды әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру және одан босату жөніндегі қызмет іске қосылды. Енді азаматтар әскери қызмет өткеру мәртебесі туралы мәліметтерді ұсыну бойынша мемлекеттік қызметті бірде-бір құжатсыз ала алады.

@Өңірлік коммуникациялар қызметі

14 наурыз 2023 ж. 457 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 020

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031