» » Апталық аясында

Апталық аясында

Биыл Отбасы мерекесіне орай жаңа тұжырымдамасы бекітіліп, 2-8 қыркүйек аралығында апталық ұйымдастырылды. Осы орайдааудандық емханада бірқатар іс-шаралар өткізілді. Емхана дәлізіндегі LED экранда «Отбасы құндылықтары», «Отбасын жоспарлау», «Қауіпсіздік ережелері», «Ерте жүктіліктің алдын алу», «Репродуктивті денсаулық», «Салауатты өмір дағдылары» тақырыптарында бейнероликтер апта бойында халық назарына ұсынылды.Апталықтың бірінші күнінде«Ашық есік» күні өтті. Іс-шара барысында аудан тұрғындары дәрігерге дейінгі кабинет, скринингтік тексеру кабинеттерінен өтіп, жалпы тәжірибелік дәрігерлерден, «Денсаулық мектептерінен, СӨСҚ, ЖДО мамандары мен сондай-ақ, психологтан кеңес алып, зертханалық анализдер жасалынды. Сондай-ақ рентген, УЗИ, ЭКГ аппараттарына тексеріліп, қажетті мамандар қараулары жүргізілді.

Мұнан өзге, аудандық аурухананың перзентхана бөлімінде, күздің алғашқы күнінде дүниеге бөбек әкелген аналарды аудандық аурухананың бас дәрігерінің ана мен бала жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева және ЖДО психологі Әмина Кетебаева құттықтап, нәресте мен анасына ұжым атынан сыйлықтар табыстады.

Ал «Отбасын жоспарлау» күнінде аудандық емхананың «Жас аналар», «Отбасын жоспарлау» және «Денсаулық» мектебіне және гинеколог дәрігерден жас аналар өздеріне пайдалы кеңестер алып, ақпараттармен қанықты. Ана мен бала денсаулығын сақтау, баланы дұрыс тамақтандыру, отбасын дұрыс жоспарлау мен бала күтімі, жұқпалы аурулардың алдын алу мен сырқаттанушылықпен күресу жөнінде келген аналар қауымына жан-жақты түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

«Саналы түрде ата-ана болу» тақырыбындағы апталықтың кезекті күнінде ЖДО мен СӨСҚ мамандарының ұйымдастыруымен, аудандық емхананың мәжіліс залында медицина қызметкерлері үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, «Отбасы және мамандық» атты семинар өтті. Оған аудандық ардагерлер, ҮЕҰ өкілдері, сала мамандары қатысты.

Жиынды аудандық аурухананың бас дәрігері Бақытжан Сағилатұлы ашып, тақырып аясында баяндама жасады. Кеш қонақтары отбасы құндылықтарын дәріптеуде ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынас орнатудың рөлін, ата-ана міндеті мен жауапкершілігін жастармен бөлісті.

Мұнан соң Т.Көмекбаев атындағы №250 мектеп-лицейінде «Әкем, анам, біз – спортшымыз бәріміз» атты отбасылық сайыс өтті. Сайысқа 4 отбасылық команда қатысып, өзара бақ сынасты. Жарыста «Ұжымдық сайыс», «Кедергіден өтіп, есеп шығару», «Епті қолдар», «Қар жинау» эстафеталық ойындары ойнатылды. Жарыс қорытындысы бойынша «Қыран» тобы бас жүлдені, «Барыс» тобы І орын, «Тұлпар» тобы ІІ орын, «Жас қыран» тобы ІІІ орынды иеленді.

Сайыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен, бағалы сыйлықтармен марапатталып және қатысушы жас спортшыларға ынталандыру сыйлықтары таратылды.

Сонымен қатар, аудандық №10 Өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері арасында «Берекелі отбасы – мықты мемлекеттің іргетасы!» атты кездесу өткізілді. Онда қызметкерлерге некені дәріптеу, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасы мүшелерінің құмар ойындарға тәуелділігін жою, зиянды әдеттердің алдын алу, азаматтық некені болдырмау, қарт ата-аналарына қамқорлық көрсетуді насихаттады. Отбасы құндылығы, салауатты өмір салты дағдылары, отбасы берекесін арттырудың жолдары жөнінде кері байланыс жасалып, сұрақтарға жауап берілді. Ақпараттық танымдық материалдар таратылды.

Апталық аясындағы іс-шаралардың легі «Жомарт жүрек» акциясына жалғасты. Мұнда ауданымыздағы әлеуметтік осал топтағы көпбалалы отбасыға аудандық емхананың аймақтық дәрігері мен медбикесі, патронаждық аға медбикесі, психолог, әлеуметтік қызметкермен бірге медициналық тексерулер жүргізіліп, «Отбасын жоспарлау», «Саналы түрде ата-ана болу», «Дені сау ұрпақ» тақырыптарында  түсіндірме жасалды. Сондай-ақ, емхананың әлеуметтік қызметкерлерінің қолдауымен қайырымдылық шарасы көрсетіліп, азық-түлік себеттері табыс етілді.

«ҚТ» ақпарат
10 қыркүйек 2024 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 274

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 371

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930