» » «Ашық есік» күні өтті

«Ашық есік» күні өтті



   Қазақстан Республикасында «Онкологияға қарсы күрес жөніндегі 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы» ҚР үкіметінің 2023 жылғы  05-қазандағы № 874-қаулысына сәйкес 2024 жылдың 1-2 тамыз күндері Қармақшы аудандық емханасында «Бірыңғай ашық есік күндері» өткізілді.
   «Ашық есік күні»  барысында  Жастар денсаулығы орталығының және Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары емханаға келушілер арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, дәліздегі LED экранда «Обырдың алдын алу», «Жатыр мойны ісігі», «Өкпе қатерлі ісігі, оның даму қаупі факторлары» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді. Уақытылы медициналық-скринингтік тексеруден өту – көптеген аурудың алдын алатынын, ауруды дер кезінде анықтап, сәтті ем шараларын жасауға көмектесетіні туралы «Скрининг бөлімінің»  қызметкері А.Ешмұратова және онколог дәрігер Н.Козанов, медбикесі Д.Нәлібаевалар әңгімелесу  жүргізді.
Скрининг бөлімінде келушілердің бой, салмақтары өлшеніп, Кетле индексі бойынша тексерілді. Көз және қан қысымы өлшеніп, қандағы қант, холестерин мөлшері анықталды.
Ақпараттық танымдық материалдар, брошюралар таратылды. Плакаттар ілініп, келушілердің сұрақтарына мамандар толық жауап берді.
Фейсбук әлеуметтік желісіндегі «Қармақшы Жастар денсаулығы орталығы» және «қармақшы аудандық аурухана» парақшаларында тақырыпқа сай бейнероликтер, инфографикалар және пайдалы кеңестер орналастырылды.
Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинеті
01 тамыз 2024 ж. 329 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 334
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 856

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930