» » Смартфон пайдалану ми қатерлі ісігіне шалдықтыратыны рас па?

Смартфон пайдалану ми қатерлі ісігіне шалдықтыратыны рас па?

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) ұялы телефон пайдалану ми қатерлі ісігінің даму қаупінің жоғарылауына байланысы жоқ екенін жариялады. Бұл тұжырым бүкіл әлем бойынша жиналған деректерді талдау негізінде жасалды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Reuters-ке сілтеме жасап.

Әлемнің 10 елінен оннан астам сарапшылар 1994 жылдан 2022 жылға дейін жүргізілген 63 зерттеуге кешенді талдау жүргізді. Ең алдымен, олар, ұялы телефон, теледидар, радар сияқты құрылғылардағы радиожиіліктердің әсеріне назар аударды.

Зерттеудің бірлескен авторларының бірі, Окленд университетінің профессоры Марк Элвудтың мәліметінше, талданған зерттеулердің ешқайсысы ересектер мен балаларда ми қатерлі ісігінің, сондай-ақ гипофиз және сілекей безінің қатерлі ісігі сияқты басқа да қатерлі ісіктердің жоғары қаупі анықталмаған.

Бұл жұмыс ДДҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың ұялы телефондардың радиациясының денсаулыққа кері әсері туралы нақты дәлелдер жоғына қатысты бұған дейінгі тұжырымдарын қолдайды.

2011 жылы ұялы телефондардың радиациясын "мүмкін канцерогенді" (2B класы) санатына жатқызған Халықаралық қатерлі ісіктерді зерттеу агенттігі (IARC) жаңа деректерді ескеріп, оның жіктелуін қайта қарауды жоспарлап отыр. Агенттіктің консультативтік тобы мұны мүмкіндігінше тезірек жасау керек деп санайды.

ДДҰ бағалау нәтижелері келер жылдың бірінші тоқсанында жарияланады.


09 қыркүйек 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

№66 (10434)

03 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.
Баршаның назарына!

Баршаның назарына!

21 шілде 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 388
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 179

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930