Аудандық емханада "Отбасы және мамандық" семинары өтті
4 қыркүйек - "Саналы түрде ата-ана болу" тақырыбындағы апталықтың кезекті күнінде Қармақшы Жастар Денсаулығы Орталығы мен Салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандарының ұйымдастыруымен, аудандық емхананың мәжіліс залында медицина қызметкерлері Үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесіп, семинар өткізді.
Шараға аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Асқар Мереков ағай, Жосалы кенті ардагерлер кеңесінің төрағасы Ерболат Ұзақбаев ағай, Шегебай Құндақбайұлы ағай, аудандық Әйелдер кеңесінің төрағасы Күлжаухар Раева апай, аудандық Қармақшы Ауданының Білім Бөлімінің құрметті ардагер - ұстазы Жұмабаева Талмаш апай, Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасының "Қоғамдық келісім" КММ—нің Қармақшы ауданы бойынша этносаралық қатынастар жөніндегі сарапшысы Нұргүл Айтбаева Нұрлыбекқызы, Қармақшы Ауданының Полиция Бөлімінің ӘЗЗҚ тобының инспекторы, капитан Айнұр Қасымовалар және бас дәрігердің" "Ана мен бала жөніндегі орынбасары Парида Сарыбаева , медицина саласының қызметкерлері қатысты. қатысты.
Шараны Қармақшы Аудандық Орталық Аурухананың бас дәрігері Нысанбаев Бақытжан Сағилатұлы ашып, тақырып аясында баяндама жасады.
Қармақшы жастар денсаулығы орталығы мен салауатты өмір салтын қалыптастыру кабинетінің мамандары Әмина Кетебаева , Дариха Құлмырзаева , Мереке Бековалар қатысушыларға ақпараттық танымдық материалдар таратты. Тақырыпқа сай бейнероликтер көрсетілді.
Биылғы жылы «Отбасы күні» мерекесі елімізде жаңаша форматта аталып өтілуде.
Бұл күнді кеңінен атап өтудің мақсаты: отбасы мен некені дәріптеуге, отбасы құндылықтарын насихаттауға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, балалардың қарт ата-аналарына қамқорлық көрсетуіне, жинақталған тәжірибені жастарға ұсынуға бағытталды.
Сонымен қатар, қазіргі уақытта белең алған ажырасудың артуы, азаматтық неке, отбасы мүшелерінің құмар ойынға тәуелділігі, алкоголизм, отбасындағы зорлық-зомбылық пен қатыгездік, жасөспірімдер суициді, сондай-ақ, зиянды әдеттердің алдын алу және болдырмауға назар аударту.
Бүгінгі басқосуда жиын қонақтары сүбелі ойларымен, ағалық құнды ақыл-кеңестерімен бөлісіп, өз өмірлерінен мысал келтірді.
Отбасы құндылықтарын дәріптеуде ата-ана мен бала арасындағы дұрыс қарым-қатынас орнатудың рөлін, ата-ана міндеті мен жауапкершілігін жастарға әсермен жеткізе білді.
"Жақсыдан үйрен,жаманнан жирен", "Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас-жауы" деген ауқымы терең мағыналы сөздермен жиын қорытындыланды.
Ұлағатты ұстаз Талмаш апайдың " Ата-ана баба мен бала арасындағы алтын көпір" деген жанды сөзі тыңдаушыларға үлкен ой салып,қанат бітірді.