» » Мерейлі отбасы – мықты мемлекеттің тұғыры

Мерейлі отбасы – мықты мемлекеттің тұғыры

Ұлт болашағының ең басты тұғыры, ең басты іргетасы – отбасы. «Отан – отбасынан басталады» деген сөздің де түп-төркіні осы. Ұлттың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, тұтастай алғанда ұлт болмысын сақтайтын ең басты «қойма», оны ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп, уақыт пен кеңістіктен аман сақтап, келешекке аманаттап тапсыратын әлеуметтік орта да – отбасы. Олай болса, отбасы – кез келген мемлекеттің, кез келген халықтың – бүгіні мен болашағының бүтіндігінің кепілі.

Қазақ отбасы құндылығына ертеден-ақ ерекше мән берген. «Отбасының өнегесі – Отан өнегесі», «Ата көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер», «Ұядан не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген сияқты мақал-мәтелдер соның айғағы. Яғни, ұлтты өзгеден ерекшелеп, оның болмысын сақтауында отбасы рөлі бірінші орында екен.

Соңғы жылдары қоғамда отбасы құндылығы құлдырап бара жатқаны ақиқат. Ұлт тамырына балта шабатын бұл дертке тосқауыл қою үшін мемлекеттік деңгейде түрлі шаралар өткізіліп жатыр. Ұлттық кодты, ұлттық мәдениетті сақтаушы негізгі орта – отбасы екенін тағы айтуымыз керек. Мерейлі отбасы болудың үш діңгегі бар – қандай қиын жағдайға қарамастан шаңырақты шайқалтпай, балаға жақсы тәлім-тәрбие бере білу. Өздеріңізге мәлім 2013 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Заңына сәйкес, қыркүйек айының екінші жексенбісі – «Отбасы күні» болып бекітілген болатын. Жыл сайын бұл жобаға халықтың қызығушылықпен қарап қатысып жатқанын көріп отырмыз.

Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы №3827 Жарлығына сәйкес, қыркүйектің екінші жексенбісі «Отбасы күні» болып табылатына орай, ағымдағы жылдың 5-6 қыркүйегі аралығында мүдделі мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың, жұртшылықтың, сондай-ақ өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін тарта отырып, «Отбасы күніне» ұштастырылған «Мерейлі отбасы» акциясын өткізу жоспарлануда.

Отбасы институтын, отбасылық құндылықтарды нығайту, бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, үлгілі отбасын насихаттау мақсатында ұйымдастырылып жатқан «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық, облыстық деңгейдегі іс-шаралары жыл бойы өткізілуде.

Қармақшы аудандық полиция бөлімі
Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің
Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау тобы
03 қыркүйек 2024 ж. 162 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№102 (10367)

28 желтоқсан 2024 ж.

№101 (10366)

24 желтоқсан 2024 ж.

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

Хабарландыру

Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031