» » Мерейлі отбасылар марапатталды

Мерейлі отбасылар марапатталды

Кеше облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова «Мерейлі отбасы - 2021» ұлттық конкурсы жеңімпаздарымен кездесіп, марапаттады. Аймақ басшысы отбасы құндылықтарын берік ұстанған әулеттерге ризашылығын білдіріп, құрметін жеткізді.
- Халқымыз үшін отбасы ұғымы қашан да қасиетті де қастерлі екені белгілі. «Отан отбасынан басталады» деген қағидат ешқашан өз мәнін жойған емес. Расында, кез келген мемлекеттің негізгі әлеуеті оның халқы және адами капиталы. Биыл еліміз үшін Ұлы құндылық – ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Тұңғыш Президентіміз «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында «Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды» деген болатын. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қолдауымен мемлекет тарапынан отбасына жасалып отырған ерекше қамқорлық пен жүйелі қолдаулар әрбір қазақстандықтың өз болашағына деген сенімін күн өткен сайын нығайта түсуде. Бүгінгі «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының облыстық кезеңінде белсенділік танытып, қатысқан әр отбасыға шынайы алғысымды айтамын. Баршаңызды бүгінгі жеңістеріңізбен құттықтай отырып, әр шаңыраққа шаттық, бақ-береке тілеймін!, - деді Гүлшара Әбдіқалықова.
13 тамыз 2021 ж. 524 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№17 (10385)

04 наурыз 2025 ж.

№16 (10384)

01 наурыз 2025 ж.

№15 (10383)

25 ақпан 2025 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру

Хабарландыру

21 қаңтар 2025 ж.
Байқау

Байқау

24 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 447
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31