» » СЫР ЕЛІНДЕ «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

СЫР ЕЛІНДЕ «МЕКТЕБІМ – МЕЙІРІМ МЕКЕНІ» АТТЫ САЛТАНАТТЫ ШАРА ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ

Бүгін аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес Білім күніне орай Қызылорда облысындағы барлық мектепте 1 және 11 сынып оқушылары үшін «Мектебім – мейірім мекені» атты салтанатты шара өтті. Оған бөлініске сәйкес облыстық мәслихаттың төрағасы Мұрат Тілеуімбетов, облыс әкімінің орынбасарлары Данияр Жаналинов, Шахмардан Байманов, Бахыт Жаханов, Ардақ Зебешев, облыс әкімінің орынбасары-Қазақстан Республикасы Президентінің «Байқоңыр» кешеніндегі арнаулы өкілі Қайрат Нұртай, облыс әкімі аппаратының басшысы Әділхан Мұхамедияров, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев, сала басшылары мен мәслихат депутаттары қатысып, оқушыларды жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Қазақстан халқына Жолдауында білім беру жүйесіне ерекше тоқталып, «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды. Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз»,- деп міндеттер қойды. 

Ел Президенті алға қойған міндеттерге сәйкес аймақта бала болашағына, мұғалім мәртебесіне бағытталған қолдау шаралары өз нәтижесін беруде.

«Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында өңірде 21 мектеп салу жоспарланған.
Оның 10-ның құрылысы биыл аяқталса, 11-і келер жылы пайдалануға беріледі.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы дарынды балаларға арналған физика-математика мектеп-интернаты, балаларды қосымша біліммен қамту үлесін арттыру мақсатында «ҚазГерМұнай» компаниясының демеушілігімен заманауи Оқушылар сарайы, жергілікті бюджет есебінен Жаңақорған ауданында 200 орындық Оқушылар үйі және 50 орындық Өнер мектебі салынуда.

Сол жағалауда «Саутс Ойл» компаниясының демеушілігімен музыкалық колледж ғимаратының іргетасы қаланып, құрылыс жұмыстары қарқынды жүруде.

Балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығын шыңдау мақсатында биыл облыс орталығынан «Шығармашылық академиясының» құрылысы басталды.

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шиелі ауданында 100, Жаңақорған ауданында 150 орындық мектептер ел игілігіне табысталды.

«Білім беру инфрақұрылымын қолдау» қоры арқылы, жергілікті бюджет есебінен Шиелі, Жаңақорған, Қармақшы аудандарындағы, Қызылорда қаласындағы білім беру ұйымдары жанынан қосымша құрылыстар салынды.

Сонымен қатар, демеушілік есебінен Арал ауданының Тоқабай және Ақшатау ауылдарындағы мектептер пайдалануға беріледі.

Осы жылы оқушылардың қолайлы ортада білім алуын қамтамасыз ету мақсатында 8 мектеп ғимараты күрделі жөнделді. Оның 5-і Қызылорда қаласында, 3-і Жаңақорған, Сырдария, Жалағаш аудандарында. Мыңдаған шәкірт қайта жаңғыртылған алтын ұяларында жаңа оқу жылын бастады. 

Осы ретте, айта кету қажет жексенбі, яғни 1 қыркүйек күні жұмысқа шыққан педагогтерге "Еңбек Кодексіне" сәйкес қосымша ақы төленеді немесе басқа күндері демалыс қарастырылады. Бұл жөнінде мектеп әкімшілігі шешім қабылдайды.
Өткен жылы облыстағы 330 мектепте 181 804 оқушы болса, биылғы оқу жылында 184 924 оқушы бар, бала саны 3 120-ға артқан. Биыл 1 - сыныпқа 17 383 бала қабылданды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 қыркүйек 2024 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 278

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 374

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930