Ақын асуы

Көкшенің төрінде тұрса да, туған жерге атбасын тірген кезінде редакциямызға бір соқпай кетпейтін ақеден көңілді ағамыздың бірі – Тынымбай Досбатыр. Бұл жолғы келісі тым бөлек екен. Жай сәлем беру ғана емес, жаңа кітабын ала келіпті. Есіктен енген ағамызды жылы шыраймен қарсы алып, алдымен амандық-саулық сұрастық. Қуанышты хабарды естігеннен құтты болсын айтып үлгермей-ақ, қаламгер туындысының алғашқы бетіне тілегін жазып, қолымызға құрметпен ұстатты. Көк мұқабалы кітап – «Қосбасар» деп аталады.
 
Тынымбай ағамыздың қаламгерлер қауымына есімі кеңінен таныс десек, артық болмас. Ол Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, облыстық «Сыр бойы» газетінің 1992 жылғы, «Текті сөздің төресі – терме» республикалық байқауларының жүлдегері. Ауданымыздан жарыққа шыққан «Қасиетті Қармақшы» жинағына өлеңдері енсе, 2014 жылы «Қос таған» жинағы басылым бетін көрді. Ақын, жазушының 1972 жылдан бері өлеңдері мен публицистикалық мақалалары аудандық, облыстық, республикалық газет-журналдарда жарияланып келеді.
Өмірін ұстаздыққа арнаған қаламгер «Шағалалы» жоғары агротехникалық колледжінде аға оқытушы болып еңбек етіп, зейнеткерлікке шыққан.

Оқырманға анық болу үшін кітапты қысқаша таныстыра кетейік. Үш бөлімнен тұратын рухани қазынаның бірінші бөлімінде «Журналист жазбалары» деген тақырыпта ой-толғамдары қамтылса, екінші бөлімінде «Атадан қалған асыл сөз» деп аталып, онда салт-дәстүр, ұлттық құндылықтарға орын беріледі. Ал үшінші бөлімі автордың ақындық қырын айшықтайтын "Өлең өрнектері" деген тақырыппен жыр шумақтары жарияланған.

Рухани мұраны қолға алған жан ақынның әр жылдарда мерзімді баспасөз бетіне шыққан материалдары мен көкейге түйген ой-толғамдарын, жыр шашулары мен пікір-пайымдарын түйсінген болар еді.
Кітап жалпы оқырманға арналған. Жерлесіміздің жаңа кітабы туған жер тарихы мен шежіресіне қосылған зор үлес деп білеміз.
С.ДАТ
30 тамыз 2024 ж. 243 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 072
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 732

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031