» » Келіндер бақ сынасты

Келіндер бақ сынасты

Жақында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен, Қармақшы ауылдық округі клубының ұйымдастыруымен «Қазақтың келіндері-ай» атты байқау өтті. Шара барысында аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Нұршат Наурызбаева Қармақшы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Жауһар Жақыповалар сөз сөйлеп қатысушыларға сәттілік тіледі.

Асылдығы мен абыройы асқақ қазақ әйелдерінің мәртебесін арттыру, отбасы құндылығын қастерлеу, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында ұйымдастырылған аудандық байқауға әр ауылдан бір өнерпаздан қатысып, өзара бақ сынасты.

Келіндер сайысына Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» аудандық филиалының төрайымы Гүлжаухар Раева, ардагер ұстаз Аманкүл Жұмағалиева мен кәсіпкер Эльмира Махашева бағасын беріп қазылық етті.

Сайыс қорытындысы бойынша бас жүлдені ІІІ Интернационал ауылынан Айсұлу Әбдісәлімова қанжығасына байласа, І орынды Ақай ауылының келіні Балзия Пірімжар иеленді. Ал ІІ орынды Төребай би ауылының келіні Ұлбосын Молдахметова алса, ІІІ орынды Ақтөбе ауылынан Гүлнұр Жақаншаева мен Қызылтам ауылынан Жансая Жұмаш өзара бөлісті.

Қазақ халқында келіннің орны қашанда ерекше. Бүгінгі төрімізде отырған қызымыз ертең бір азаматтың жары, бір әулеттің келіні, болашақ ана. Сондықтан әрбір қазақ қызы өз шаңырағының бақыты болсын дейміз.
АҚНҰР ЕРДҮЙСЕНҚЫЗЫ
31 тамыз 2024 ж. 293 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (10438)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 421
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

ЖАҚҰТЫН ЖЫРДЫҢ ЖИНАҒАН

17 қыркүйек 2025 ж.
Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 229

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930