» » » Қармақшы ханымы – 2023

Қармақшы ханымы – 2023

qarmaqshy-tany.kz АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ БӨЛІМІНІҢ ҚОЛДАУЫМЕН Ш.ТӨЛЕПОВА АТЫНДАҒЫ АУДАНДЫҚ МӘДЕНИЕТ ҮЙІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУЫМЕН «ҚАРМАҚШЫ ХАНЫМЫ – 2023» АУДАНДЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ.

Қазақ әйелдерінің мәртебесін арттыру, отбасы құндылығын қастерлеу, салт-дәстүрді насихаттау мақсатында өткізілген байқауға 7 талапкер қатысып, өзара бақ сынасты. Байқауға ардагер ұстаз, әжелер ансамблінің мүшесі Талмаш Жұмабаева, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігінің аудандық филиалының төрайымы Гүлжауһар Раева, ардагер ұстаз Күләш Бисембаева қазылық етті. 5 кезең бойынша өткізілген байқауда қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде Төребай би ауылынан келген Ұлбосын Молдахметоваға бұйырып, «Қармақшы ханымы – 2023» атанды. Ал жүлделі І орынды төретамдық Мақпал Жайлашова жеңіп алса, ІІ орын ІІІ Интернационалдық Гүлжан Әбдіроваға бұйырды. ІІІ орынды кент абыройын қорғаған Дина Төлегенова иеленді. Сондай-ақ қызылтамдық Жансая Жұмаш «Өнерлі ана» атанса, төретамдық Аида Оспанова «Шебер аспаз», Ақжар ауылынан келген Ақлимаш Әбілтаева «Үлгілі ана» номинациясымен марапатталды. Барлық қатысушыға диплом мен бағалы сыйлықтар табысталды.
«Қт» ақпарат
21 қараша 2023 ж. 467 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№46 (10514)

20 маусым 2026 ж.

№45 (10513)

16 маусым 2026 ж.

№44 (10512)

13 маусым 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 334
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

ҚЫС КӨРІНІСІ
10 қаңтар 2026 ж. 856

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930