» » Бақша пісті, базарға түсті

Бақша пісті, базарға түсті

Жаздың алғашқы маусымында базарды ерте сырттан келген қауын-қарбыз жаулап алғаны рас. Аптап ыстықта шөл басады деп көпшілік қарбыздың саудасын қыздырып тұрып жүргізді. Осылайша оңтүстіктен әкеп сатылған бақша өнімін місе тұттық. Ерте пісетін өнімнің нитраты көп дегенді жиі естісек те, қорқасоқтап балаларға алып бердік. Бірақ жергілікті бақша дақылдары пісетін кезді асыға күтетініміз рас. Сол табиғи өнімдердің пісіп, сабағынан үзілетін кезі жетті.
Көктемде еккен бақша өнімдерін жаз бойы мәпелеп баптаған диқандар піскендерін ауданға тасып, халыққа ұсынуда. Бүгінде базарға барсаңыз жұрт алдымен «өзіміздің өнім ба?» деп сұрап алады. Әрине ауылдың дәмін сағынғаны көрініп-ақ тұр. Бұрқыраған тәтті иісінен бұрын қант татыған балдай дәмін татқысы келеді.
Қазір базардағы бақша дақылдарының көбісі Төребай би ауылының өнімі. Соның ішінде қауыны ауыл брендіне айналған. Сары қауын, қара қауын, әміре керек пе, бәрі бар. Тек таңдай білсеңіз болды. Сатушының күнге күйген жүзіне қарап ала жаздай еңбектің оңай жерден келмегенін түйсінесіз.
– Биыл бақша өнімдері кеш егілді. Жер айдау мен су беруден сәл кідіріс болды. Сөйтіп шілде айында бақша жұмысына кірістік. Сатып алған бір гектар жерімізге қара қауын, әміре, әңгелек, қияр, қызанақ ектік. Шүкір шығымы жаман болмады, қара жерге өкпе жоқ. Бірақ былтырғыға қарағанда биыл өнімнің беруі аздау болды. Мәселен өткен жылы бір пәлектен жиырма отыздан шықса, осы жылы оннан тоқтады. Ол енді ауа райының әсерінен деп ойлаймыз. Себебі суғаруға берілетін су уақытылы толық жіберіліп отырды. Судан мәселе туындаған жоқ. Шыққан өнім бұзылмасын деп дәрісін де беріп отырдық. Арнайы бақшаны күтіп баптау мен малдан күзетуге адам қойдық. Ол қашан қауын-қарбыз піскенше сонда болады. Ал енді қауынның піскендерін ауданға күнара әкеліп, сатып жатырмыз. Қарбыздарды да пәлегінен үзуге күн жақындап қалды. Бұйырса халыққа ұсынамыз. Бағаларын қолжетімді етіп сатудамыз. Әкімшіліктен баға жағынан бақылау бар, – дейді Төребай би ауылының тұрғыны Дүйсенкүл.
Дала жұмысы қай кезде де адал еңбекті талап етеді. Еңбегіңе қарай несібеңді аласың. Жосалы ауылының диқандары жыл сайын нәпақасын жерден тауып отырған жандар.
– Ауданға әкелген бақша өнімдеріміздің бірі де қалмай өтуде. Тұрғындар қауын-қарбызды таңдап алғанына қарағанда біздің өнім таза табиғи болғаны деп ойлаймын. Негізі кез келген бақша өнімінің пісетін шағы осы жаздың соңғы айы болып келеді. Ал шілденің басында ерте сырттан келетін қарбыздарды алуға кейде өзімізде қорқамыз. Құрамында шектен тыс нитраттар болады. Жалпы ауылдың таза өніміне жетпейді ғой, – дейді ауыл диқандары.

Ерсін СӘДУҰЛЫ

27 тамыз 2024 ж. 127 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 281

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 376

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930