» » ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖАЙДАРМАН

ЖАСТАРДЫҢ БАСЫН ҚОСҚАН ЖАЙДАРМАН

   
 Жуырда «Қармақшы жастары» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен  «Ауылдық көңіл-күй» атты жастар арасындағы жайдарман ойынының финалы болып өтті. Шараның мақсаты-жастардың бір-бірімен етене араласуы мен бос уақыттарын тиімді пайдалануына ат салысу. Ойында 14 және 29 жас аралығындағы аудан жастары мен мектеп оқушылары бақ сынады.
  Жарыс сәлемдесу және жамбыату (биатлон) турлары бойынша өтті. Жайдарманға барлығы тоғыз команда атап айтар болсақ, «Интер жастары», «Лицей еркелері», «Бұзықтар», «Төретам жастары», «Ерекше жандар», «Гүлекеңнің сіңілдері», «Мөлтек сити», «Көз тимесін», «Үміткерлер» құрама командалары қатысты. Осы командалардың ойынына  төрелік еткен қазылар алқасы  құрамында аудандық білім бөлімінің психологі Ғ.Ермаханова, «Қорқыт елі» КТК лигасының директоры М.Рауанов, Қармақшы су шаруашылығы учаскесінің басшысы Е.Бодыбаев, аудандық ішкі саясат бөлімінің маманы С.Әбдісәлімов, Қармақшы аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің статисті С.Бүркітбаевтар болды.
    Сайыс қорытындысы  бойынша оқушылар үйінің атынан қатысқан «Бұзықтар» командасы І орынды, Ақтөбе ауылынан келген «Көзтимесін» ІІ орынды және Төребай би ауылынан келген «Үміткерлер» құрама командасы ІІІ орынды иеленді. Жайдарманға белсене қатысқан қалған командаларға да, алғыс хат пен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
   
Арайлым АБАЙҚЫЗЫ,
«Қармақшы таңы".
31 мамыр 2018 ж. 1 768 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№83 (10451)

01 қараша 2025 ж.

№82 (10450)

29 қазан 2025 ж.

№81 (10449)

25 қазан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 789
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 519

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930