» » Тәрбие саласының мамандарына кеңестер берілді

Тәрбие саласының мамандарына кеңестер берілді

Қызылорда облысының білім басқармасының «Тәрбие спорт және қосымша білім беру орталығының» қызметкерлері Қармақшы ауданының тәрбие беру саласының мамандарымен арнайы кездесіп, семинар кеңес өткізді.

Биылғы жаңа оқу жылындағы жаңалықтарды бала тәрбиесіндегі нормативтік актілер бойынша өзгерістерді атап өтті.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің 2024 жылдың 30 шілдедегі №194 бұйрығын басшылыққа ала отырып, «Біртұтас тәрбие үштағаны – «Әділетті Қазақстан. Адал азамат. Озық ойлы ұлт» тақырыбындағы «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» туралы толық түсіктер берілді.

Бүгінгі кездесудің мақсаты-тәрбие моделін түсіндіре отырып, «Ата-аналарды қолдау орталығының» жұмысын жандандыру, ата-ана жауапкершілігін арттыру, бала тәрбиесіне аса қатты назар аудару, ата-ана, мектеп, бала үш одақтың жұмысын жетілдіру, «Қауіпсіз 15 минут» сабақтарын түсіндіру, бірлік пен ынтымақ құндылықтарын дамыту арқылы өзгерістерге бейімделіп, инновациялық технологияларды ұтымды қолданатын ұлтты қалыптастыруға бағытталады.

Балалар мен жастардың бойында әділдік пен жауапкершілік, еңбекқорлық пен кәсіби біліктілік, жасампаздық пен жаңашылдық құндылықтарын дарыту арқылы адал еңбек пен қоғам игілігін алдыңғы орынға қоятын, адал, әділетті азаматтарды бірлесе тәрбиелеу мақсатында жүргізіліп отыр.
22 тамыз 2024 ж. 118 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 259

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 358

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930