» » Тамыз айына арналған жұлдыз жорамал: Кімдер үшін денсаулығын күтіп, бала жоспарлауға қолайлы уақыт

Тамыз айына арналған жұлдыз жорамал: Кімдер үшін денсаулығын күтіп, бала жоспарлауға қолайлы уақыт

Фото: pixabay.com
Жұлдыздардың айтуынша, тамыз қиындықтарды жеңіп үйренуге, сондай-ақ қорқыныш пен уайымға қарсы тұруға көмектесетін ай болады. Сонымен қатар олар тамыздың алғашқы онкүндігінде жақын адамдар мен отбасыға көңіл бөліп, жөндеу жұмыстарына, жылжымайтын мүлікке және көлікке қатысты мәселелерді барынша тез шешуге кеңес береді. Ал екінші онкүндігінде адамдар өзіне деген сенімділікті сезінеді, сонымен қатар көптен бері армандаған нәрсеге қол жеткізуге деген құлшыныс күшейеді. Алайда жұлдыздар өз мүмкіндіктеріңізді асыра бағаламау керегін ескертеді. Stan.kz тілшісі маусымға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Тоқты
Тоқтылар үшін тамыз айы сәтті басталмақ. Жаңа дүние үйреніп, біліктілікті арттыратын кез келді. Алдыңызға келген мүмкініктерді жіберіп алмаңыз. Келер айдың басында қмақты ақшаға сауада жасауыңыз мүмкін. Алайда шешім қабылдамаса бұрын жақындарыңызбен ақылдасқаныңыз жөн. Әйтпесе, басыңыз дауға қалуы әбден мүмкін. Дұрыс тамақтанып, салқын тигізіп алудан аулақ болыңыз. Сырқаттанып қалуыңыз ықтимал. Айдың екінші жартысында салымдарыңыз бен инвестицияңызға абай болыңыз. Ал тамыз айының соңында өміріңізде бір өзгеріс болып, бәрі өз орнына келе бастайды. Сондай-ақ іссапарыңыз, жаңа жобалар және шығармашылық іс-шараларыңыз сәтті өтпек. Жеке өміріңізде сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Жүрек қалауыңызды кездестірмеген болсаңыз, таңдау жасауда қателеспес үшін талғампаз болыңыз. Олай болмаған жағдайда ол адамнан көңіліз қалуы әбден мүмкін. 
Торпақ
Тамыз айы торпақтар үшін оңай болмайын деп тұр. Бас ауырып, бастағы жарақаты мазалап, қан қысымы көтерілуі ықтимал. Сол себепті денсаулықты күткен абзал. Ақша жинауға тырысыңыз және табысыңыздың артуын қаласаңыз қолдан келгенше бар мүмкіндікті пайдаланыңыз. Табысыңыз бен бәрінің сәтті өтуі торпақтардың батылдығы мен табандылығына байланысты. Жұлдыздарға сенсек, айдың екінші жартысында торпақтарды ірі сатып алулар мен ақшалай түсімдер күтіп тұр. Келер айда өзіңізді іштей жайлы сезініп, үйлесімділік табасыз. Сондай-ақ жөндеу жұмыстарын жасап, интерьер дизайны мен тұрғылықты жеріңізді өзгертуге ең қолайлы уақыт болмақ. Айдың соңына қарай жұлдыздар шығармашылықпен айналысуға, қарым-қатынасқа романтика қосуға кеңес береді. Бала жоспарлауды да естен шығармаған абзал. 
Егіздер
Тамыз айында жұлдыздар егіздерге қажетсіз шығындардан аулақ болуға, денсаулықты күтуге және салауатты өмір салтын ұстануға кеңес береді. Өзіңізге шамадан тыс жүктеме алып, шаршап қалып жүрмеңіз. Салдарынан жиі бас ауруы мазалауы ықтимал. Егіздер үшін келер ай саяхатқа, түрлі іссапарға толы болмақ. Табысыңызды арттыруға да мүмкіндік болады. Бастысы –батыл болыңыз және жаңа дүниелерді байқап көруден қорықпаңыз. Шығармашылық жобалар мен бастамалар сәтті өтпек. Сондай-ақ сүйіктіңіз сізді тосынсыйлар мен түрлі сыйлықтармен қуантуы мүмкін. Айдың соңын жөндеу жұмыстарына, отбасыңызға арнағаныңыз жөн.
Шаян
Тамыз айында шаяндар табысқа кенеліп, жұмыс пен кәсіпте жетістікке жетеді. Алайда бәріне бірдей кірісудің қажеті жоқ. Ал айдың соңында қаражатыңызды үнемдеп, қажетсіз шығыннан бас тартуыңызға тура келеді. Арасында жұмысты қоя тұрып, көңіліңізді басқа нәрсеге аударыңыз. Әйтпесе, эмоциялық күйінуге тап болуыңыз әбден мүмкін. Психикалық тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін йогамен, шығармашылықпен айналысыңыз. Дұрыс тамақтану мен спорт та артық етпейді. Сондай-ақ келер ай саяхат пен іссапар үшін қолайлы болмақ.
Арыстан
Келер айда арыстандардың мансабында өзгерістер болмақ. Тіпті қызмет етіп жүрген салаңыздан ауысуыңыз да ғажап емес. Жаңа перспективаларға кенелу үшін пайдалы іскерлік байланыстарды орнатуға көңіл бөліңіз. Жаңа бастаманы қолға алудан қорықпаңыз. Арыстандар батылдығының арқасында жоспарлағанынан көп дүниеге қол жеткізе алады. Күтпеген жерден шығындарға тап боуыңыз мүмкін. Сол себепті қаражатыңызды жоспармен жұмсағаныңыз дұрыс. Өзіңізге көп жүктеме алмай, бәрін жеңіл қабылдауға тырысыңыз. Тамыз айы арыстандар үшін жаңа нәрсені үйренуге қолайлы уақыт. Тіл үйреніп, бұрыннан ойда жүрген тренингке қатысыңыз. Сыртқы келбетіңізге де көңіл бөлуді ұмытпаңыз. Сұлулық салонына барып, дүкен аралаңыз. Бұл сіздің тартымдылығыңызды одан сайын арттырады. Сондай-ақ жаңа таныстықтар үшінде қолайлы уақыт болмақ. Сүйікті адамыңызды іздеп жүрсеңіз, келер айда жеке өміріңізде өзгерістер болуы ықтимал. 
Бикеш
Тамыз айы бикештер үшін жеңіл болмайын деп тұр. Жетістікке жету үшін көп күш салуға тура келеді. Бірақ бар ынтаңызды салсаңыз қолға алған ісіңіз нәтижелі болмақ. Жақындарыңызбен сөзге келіп қалуыңыз мүмкін. Бірақ оларға түсіністікпен қарауға тырысыңыз. Айдың соңында мансабыңыз бен преспектива үшін жұмыс істеуге көңіл бөліңіз. Ортаңыз табысыңыздың артуына ықпал ететін немесе жақсы мүмкіндіктерге жол ашатын адамдармен толығады. Өзіңізді қатты шаршатпаңыз. Оның салдары моральдық денсаулығыңызға әсер етуі мүмкін. Сондай-ақ стиліңіз бен сыртқы келбетіңізге өзгеріс енгізуге тырысып көріңіз. Бұл жаңа қырыңыздан ашылуға көмектеседі.
Таразы 
Жұлдыздар таразыларға жолда мұқият болуға кеңес береді. Сақ болмасаңыз жол апатына түсіп немесе қайғылы жағдайға тап болуыңыз әбден мүмкін. Денсаулығыңызға көңіл бөліп, уақытылы тексерістен өткеніңіз абзал. Тамыз айының соңында жаңа нәрсе үйреніп, білім алуға мүмкіндік туып тұр. Келер айында саудамен немесе шығармашылықпен айналысатын таразылардың табысы артуы мүмкін. Қызметіңізде талпынысыңыз жаман емес, нәтижесінде лауазымыңыз көтерілуі ықтимал. Айдың соңында қалаған дүниеңізді сатып алыңыз, демалып, өзіңізге уақыт бөліңіз. 
Сарышаян
Жұлдыздар сарышаяндарға сүйіктісіне көңіл бөліп, өз тарапынан түсіністік танытуға кеңес береді. Олай болмаған жағдайда келіспеушіліктер мен жанжалдар көбейеді. Жақын адамыңызбен арадағы кикілжіңді шешіп, қарым-қатынасты қалыпқа келтіруге жақсы мүмкіндік туып тұр. Ай соңында жолға шыққанда абай болыңыз. Жол апатына түсу қаупі жоғары. Қызметіңізде де жақсы жаңалықтар мен өзгерістер болмақ. Басшылық сіздің талпынысыңызды байқап, дәрежеңізді өсіруі мүмкін. Барынша өзіңіздің қабілетіңізді көрсетіп, біліктілігіңізді арттыруға тырысыңыз. Ол сөзсіз нәтижесін береді. Жұмысқа немесе кәсіпке адам шабытпен келу керек. Жұлдыздардың болжамынша, таразылар жұмыста жүріп жүрегінің жартысын кезіктіруі мүмкін. Алайда шешім қабылдамас бұрын барлығын ой елегінен өткізіп, ақылға салғаныңыз дұрыс.
Мерген
Мергендер ең қиын деген мәселелердің шешімін тауып, кез келген тығырықтан ұтылмастан шығады. Бастысы өз күшіңізге сеніңіз. Жеке өміріңізге келер болсақ, жақын адамыңызбен жанжалдаспауға тырысыңыз. Қаржылай қиындықтарға тап болмас үшін қажетсіз шығындардан бас тарта тұрғаныңыз абзал. Бірақ тамыз айының соңында бәрі оңалып кетеді. Жаңа дүние үйренуден қашпаңыз, пайдалы дүниемен айналысуға берілген мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Егде жастағы туыстарыңыз бен жақындарыңызға уақыт пен көңіл бөлуге тырысыңыз. Сондай-ақ өзіңізді де ұмытпаңыз. Араға уақыт салып демалыс жариялап тұрған да артық етпейді. Айдың соңында сізді азғыратын дүниелер көбейеді, оған бой алдырамын деп беделіңізді түсіріп алып жүрмеңіз. 
Тауешкі
Жұлдыздар тауешкіге келер айды дұрыс тамақтанудан бастауға кеңес береді. Зиян әдеттердің салдарынан денсаулығыңызға кесіріңізді тиігіп алмаңыз. Балалармен көп уақыт өткізуге тырысыңыз. Айдың соңында тауешкілерге сәттілік серік болмақ. Кез келген мәселе оңай шешімін табады. Жеке қарым-қатынаста билік үшін таласудан аулақ болыңыз. Жұмыс пен жеке өмірді шатастырмаңыз. Бала жоспарлау үшін тамыз айы айтарлықтай қолайлы емес. Айдың басында өзіңіздің дамуыңызға көңіл бөліңіз. Ал соңында жаңа таныстықтар, қарым-қатынастарға жол ашылады. Сүйікті адамыңызды іздеп жүрсеңіз барынша талғампаз болғаныңыз абзал. Өйткен ол сіздің көңіліңізді қалдырып қана қоймай, басыңыз дауға қалуы әбден мүмкін. 
Суқұйғыш
Тамыз айында суқұйғыштарды үлкен өзгерістер күтіп тұр. Сондай-ақ сатып алулар мен сатуға қолайлы уақыт болып тұр. Алайда бала жоспарлауды біраз уақытқа қоя тұрғаныңыз абзал. Созылмалы ауруларыңыз асқынып кетпесін десеңіз, денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Қайырымдылық пен жақсылық жасауға асығыңыз. Тамыз айында жаңа адамдармен танысып, достарыңыздың қатары толықпақ. Сүйіктіңіз болмаса, келер айда кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін. Шешілмейтін мәселелер мен қиындықтарға тап болмас үшін, әуелі ол адам сізге жараса ма, соған көз жеткізіңіз.
Балықтар
Жұлдыздар балықтарға қалаған нәрсеге қол жеткізу үшін табандылық танытуға кеңес береді. Жөндеу жұмыстар мен жылжымайтын мүмлікке қатысты өзекті мәселелердің де шешімін тапқаныңыз дұрыс. Жұлдыздардың болжамынша, мұнда сіз еш ұтылмайсыз. Алайда ірі салымдарға келгенде абай болыңыз. Алаяқтардың құрығына түсіп қалу қаупі жоғары. Айдың аяғында жолға шыққанда аса сақ болыңыз. Тамыз айы балықтар үшін білім алуға, жақсы дүниелерді әдетке айналдыруға қолайлы кезең. Ал бала жоспарлауды кейінге қалдыра тұрғаныңыз абзал. Жұлдыздардың болжамына сәйкес, жүрегінің жартысын таба алмай жүрген балықтар келер айда сүйікті адамын кездестіреді.
31 шілде 2024 ж. 78 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

№91 (10356)

16 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 289

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 384

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930