» » Астролог тамыз айында қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

Астролог тамыз айында қазақстандықтарды не күтіп тұрғанын айтты

Белгілі қазақстандық астролог Ирина Әбдірайымова тамыз айына болжам жасады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
 

Жаппай тәртіпсіздіктер
 
Ирина Әбдірайымова тамыз айының басты астрологиялық оқиғаларына тоқталды.
 
Айтуынша, осы айда біраз елде саяси және әлеуметтік жағдай шиеленіседі. Билік өз күшімен халықты басқан сайын, олардың наразылығы күшейеді, көшеге митингке шығуы жиілейді.
 
"Әлемдік тұрақсыздықтың соңы ашық әскери агрессияға әкеп соғуы мүмкін. Көптеген елде жаппай тәртіпсіздіктер, ереуілдер орын алады. Заң шығару билігіне қатысты түйткілдер туындайды. Билік қарсыласты тоқтату үшін қатаң әдіс-тәсілдер қолданады, бірақ мұның арты жақсылыққа апармайды. Мемлекет басшылары күш құрылымдарын күшейту шараларын қолға алуы мүмкін", - деп болжады қазақстандық маман.
 
Сонымен қатар, оның болжамынша, қылмыс көбейеді, табиғи апаттар, алапат өрт болады.
 
Тамыздың соңында мұнай бағасы аздап көтерілуі мүмкін, бірақ жалпы экономикалық жағдай одан әрі нашарлайды.
 
Кредитті төлеу қиындайды
 
Астрологтың айтуынша, осы айда транссатурндық планеталар ретроградты қозғалыста болады. Сатурн мен Юпитер де олардың қатарында. Әлеуметтік планеталардың кері қозғалысы бизнесте проблемаларға әкеп соғуы мүмкін, деп ескертті ол.
 
"Бұл айда кәсібін кеңейту үшін кредит алғысы келетін немесе инвестор тартуды жоспарлап жүрген азаматтарға күте тұруға кеңес беремін. Осы кезеңде банктен несие алғандар оны уақытында төлей алмай қиналады. Қазір тың дүниені қолға алудың қажеті жоқ, ең дұрысы, тексерілген жолдармен жүру", - деді Әбдірайымова.
 
Ол тамыз айы ұзақмерзімді келісімшарт бекіту үшін де қолайсыз кезең екенін атап өтті.
 
Айтуынша, осы айда жергілікті олигархтардың қаржылық заңбұзушылықтары бүкіл жұртқа жария болуы мүмкін. Капиталын шетелге шығарған байлардың шоттары бұғатталуы ғажап емес.
 
Адамдар дау-жанжалға бейім болады
 
Әбдірайымова тамыздың басында адамдардың жұмысқа ынтасы артатынын айтты. Сондай-ақ, олар атаққұмарлыққа, өктемдікке ұмтылады. Дау-жанжалға бейім болады.
 
"1-3 тамыз – белсенділік, ашушаңдық, дау-жанжалға бейімділік уақыты. Жол апаттары жиілеуі мүмкін. Адамдар арасындағы қарым-қатынасқа сызат түседі", - деп ескертті маман.
 
Ол 1 мен 5 тамыз аралығында бірмезетте бірнеше істі бастамауға кеңес берді. Мүмкіндіктеріңізді асыра бағалап, опық жеп қалуыңыз мүмкін.
 
"Менмендік, асығыс шешім қабылдау, бәсекелестік сізді қателіктер мен дау-жанжалға ұрындырады. Білім жүйесін толығымен онлайнға көшіру мәселесі көтеріледі. Бұл балалардың денсаулығы мен психикасына кері әсерін тигізуі мүмкін", - дейді астролог.
 
Ал 5 тамыздан ақыл-ой жұмысы күшейеді. 8 тамыздан берік отбасы құруға құлшыныс оянады. Кездейсоқ кездесу баянды махаббатқа ұласуы мүмкін.
 
9 -10 тамыз күндері жұмыста келеңсіз жайттар, қызметкерлер жұмыстан шығарылуы немесе қысқартылу мүмкін. Келісімдер бұзылып, кездесулер мен сапарлар кейінге қалады деп болжануда. Жерүсті және әуе көлігі апаттарының жиілеуіне байланысты жолға шықпаған абзал.
 
"Тамыз – ауыр ай"
 
"12 мен 18 тамыз аралығында халық бас көтеруі мүмкін. Сол себепті кісі көп жүретін жерлерге бармаңыз, зардап шегуіңіз ғажап емес. Бұл күндері қатыгездікпен, арсыздықпен бетпе-бет келесіз. Фанатиктер, экстремистер мен террористер, адам зорлайтындар белсенді іс-қимылға көшеді. Күш құрылымдарымен қақтығыстар орын алуы мүмкін", - деп бөлісті өз болжамымен Әбдірайымова.
 
Десе де, айтуынша, осы аралық қызықты, шығармашылық әрі интеллектуалды кездесулер мен әңгімелер үшін өте сәтті уақыт. Романтикалық кездесулер мен достар кешін ұйымдастыруға жақсы.
 
Ал 19 тамызда іскерлік кездесу өткізіп, құжаттарды реттеуге және жаңа келісімдер бекітуге болады.
 
Астролог 24-25 және 29, 30 тамыз күндері ақшаны босқа шашпауға кеңес берді.
 
"Жарамдылық мерзімі бір немесе одан көп жылды құрайтын азық-түлік тауарларын сатып ала беріңіз. Бұл ай ауыр болғалы тұр. Тамыз ғана емес, жалпы күз мезгілі азаматтарға оңайға соқпайды", - деді маман.

16 тамыз 2020 ж. 560 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (10355)

12 қараша 2024 ж.

№89 (10354)

09 қараша 2024 ж.

№88 (10353)

05 қараша 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 067

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930