Шілде айына арналған жұлдыз жорамал
Астрологтар шілде айына арналған жұлдыз жорамал жариялады. Мамандар келер айды отбасымен уақыт өткізуге, тұрмыстық шаруалармен айналысуға, жақындарыңызбен кездесуге арнауға кеңес береді. Ондай мүмкіндік болмаса, бір-екі күніңізді демалып, жалғыздықта өткізгеніңіз абзал. Stan.kz тілшісі шілде айына арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.
Тоқты (21.03 – 19.04)
Жаздың екінші айы тоқтылар үшін сәтті басталмақ. Ырыс, берекеге кенеліп, дәрежеңіз көтерілуі ықтимал. Алдағы уақытқа жоспар құрып, сүйікті ісіңізбен айналысыңыз. Шығармашылық потенциалыңызды жаңа жобаларға, инновациялық идеяларды іздеуге арнасаңыз да, қателеспейсіз.
Жарқын мінезіңізбен, харизмаңызбен көптеген адамды өзіңізге тартасыз. Жақын адамыңызды жолықтырмасаңыз, жаңа таныстықтардан бас тартпай, мүмкіндікті жіберіп алмаңыз. Салауатты өмір салтын, дұрыс тамақтануды, уақытылы демалуды әдетке айналдырғаныңыз дұрыс.
Торпақ (20.04 – 20.05)
Астрологтар торпақтарға өзіне “Менің жақыным кім?”, “Жақын адамдарым қаншалықты көп?”, “Бақытты болуым үшін не қажет?” деген сұрақтарды қоюға кеңес береді. Сондай-ақ өсуге, дамуға өте қолайлы кезең болмақ. Торпақтардың табиғатында қаржыға байланысты жүйелі шешім қабылдай алатын қасиеті бар. Сондықтан оны өз пайдаңызға асырыңыз. Өзіңізге, болашағыңызға инвестиция құюды естен шығармаңыз. Жинаған ақшаңыздың көбейгенін қаласаңыз, кәсіп ашып, акцияларға инвестиция жасағыңыз келсе, сол саланы зерттеп, дұрыс таңдау жасағаныңызға көз жеткізгеніңіз жөн.
Жайлы орныңыздан қозғап, дамытатын істі тауып, қолға алыңыз. Сондай-ақ білім алудан бөлек, денсаулығызға да көңіл бөлгеніңіз дұрыс. Тұрақты тұрде жаттығу жасап, өзіңізге уақыт тауып, демалыңыз.
Келер айда торпақтардың махаббаттан да жолы болғалы тұр. Егер жалғыз болсаңыз, жүрек қалауыңызды кездестіріп қалуыңыз әбден мүмкін. Өз теңіңізді тапсаңыз, қарым-қатынастарыңызды нығайтуға әрекет жасаңыз.
Егіздер (21.05 – 21.06)
Шілде айы егіздердің есінде жарқын сәттермен есте қалмақ. Өз жобаңызбен айналысуға уақыт тауып, қарым-қабілетіңізді шыңдайсыз. Алайда көтере алмайтын шоқпарды беліңізге байлап жүрмеңіз. Жұмыс істеймін деп шаршап қалмауыңызды қадағалаңыз. Жұмыс істеп жүріп, демалуды естен шығармаңыз. Жақындарыңызбен уақыт өткізуге жақсы мүмкіндік туып тұр. Таза ауада жүріп, жаздың жарқын сәттерінен ләззат алыңыз.
Келер ай егіздер үшін нәтижелі, шығармашылыққа толы болмақ. Зейін пен теңгерімді тең ұстаған егіздер табыс пен бақытқа кенеледі.
Шаян (22.06 — 22.07)
Жаздың екінші айында шаяндар өзінің шығармашылық қабілетін зерттеуге кіріседі. Мұны сүйіп айналысатын ісіңізден, жазуға деген бейіміңізден байқауға болады. Сондай-ақ өткен өміріңізде жараланған жаныңызды емдеуге мүмкіндік туып тұр.
Шілде айы шаяндарға жетістікке жету үшін жоспар құрып, мақсат қоюға қолайлы уақыт. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз да көпшіліктің назарында болмақ. Десе де, жақсы көретін адамыңызбен керемет үйлесім тауып, ара қатынасыңыз нығая түседі.
Арыстан (23.07 — 23.08)
Келер айда арыстандардың бойында ерекше сенім пайда болады. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін күш-қуатыңыз бен құлшынысыңызды дұрыс пайдаланыңыз. Жаңа жобаларды қолға алып, тәуекел ететін сәт келді.
Айдың аяғында өзіңіздің рухани және психикалық денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Көкейкөзіңізге, ішкі дауысыңызға құлақ түріңіз.
Эзотерика мамандарының айтуынша, туған күнге дейін 40 күн және туған күннен кейін 40 күнде адам іштей жаңарғанын сезеді, әлеуетіңіз өсіп, ерекше күйге бөленесіз. Астрологтардың кеңесіне құлақ ассаңыз, көп жетістікке жетесіз.
Бикеш (24.08 — 23.09)
Шілде айы бикештер үшін жаңа мүмкіндіктер мен өзгерістерге толы болмақ. Маңызды шешім қабылдайтын кезде бикештер өзінің қауіпсіздігін ойлап, асықпай әрекет етеді. Бірақ бұл айда сіз тәуекелге бел байлайсыз.
Кедергілерден өтудің жолын тауып, өзіңіз білмейтін қарым-қабілетіңізді ашасыз. Бір кездері сіз үшін маңызды болған дүниелер уақыт өте мәнін жоғалтады. Жабырқап жүрсеңіз, бәрін уақытша ысыра тұрып демалыңыз, ойланыңыз.
Мансапқа келсек, бикештер бір орында тұралап қалғанын сезуі мүмкін. Келер айда салаңызды, жұмыс орныңызды өзгертуге тамаша мүмкіндік туып тұр. Дұрыс таңдау жасасаңыз, табысқа кенеліп, басшылық қызметке сайлануыңыз ықтимал.
Жеке өміріңіздегі жанмен ара қатынасыңызды нығайтатын уақыт келді. Сүйген адамыңызға өз сезіміңіз туралы айтудан ұялмаңыз. Қорқынышқа бой алдырмаңыз.
Сондай-ақ шілде айы жаңа таныстықтарға толы болмақ. Адамдармен жиі араласып, тіл табысуға тырысқаныңыз жөн. Кездейсоқ кездестірген адаммен арадағы достық махаббатқа ұласуы мүмкін.
Таразы (24.09 — 23.10)
Таразыларда саналық пен эмоциялық тұрақтылықты жоғалтып алу қаупі бар. Оның орнына еркелік, реніш пен күдік секілді сезімдерге ерік бересіз. Бірақ бұл – уақытша құбылыс.
Жұмыста таразылардың ісі алға басады. Өзіңізді жеңіске жетелеп, мәселелеріңіздің оңай шешілуіне көмектесетін жаңа қабілетіңізді ашасыз. Жұлдыздар таразыларға өз арман, мақсаттарына мұқият болуын ескертеді. Сонда ғана тепе-теңдік ұстап, дұрыс бағыттан адаспайсыз.
Жаңа таныстықтар да артық етпейді. Өміріңізді оң өзгерістерге жетелеп, жақындарыңызбен, достарыңызбен уақыт өткізіңіз.
Сарышаян (24.10 – 22.11)
Бұл айда сарышаяндар махаббат пен идеализмді бірінші орынға қояды. Бір жағынан бұл дұрыс, өйткені махаббат пен идеализм – шабыт пен қуат көзі. Ал екінші жағынан көзбояушылық пен иллюзиядан арылып, ащы шындыққа көз жеткізесіз.
Алайда сарышаяндарға келер ай кәсіп бастау үшін қолайлы болмақ. Осылайша өміріңізде қаржылай тұрақтылық орнатасыз. Сондай-ақ осы уақытқа дейінгі өміріңізге қорытынды жасап, жоспар құруға мүмкіндігіңіз бар. Маңызды шешім қабылдарда жүрекке емес, ақылға салғаныңыз дұрыс.
Сарышаяндарға табандылық тән. Бар батылдығыңызды жинап, тәуекел етіңіз.
Мерген (23.11 – 21.12)
Мергендер шілде айында өткеніне көз жүгіртіп, айналасындағыларға қамқорлық жасап, өз қажетін өтеуге уақыт табады. Келер айда биік белестерді бағындырып, өміріңізге өзгеріс әкелуге тырысасыз.
Сондай-ақ белгілі бір жағдайларға қатысты шындыққа көз жеткізіп, нақты шешім қабылдауға мәжбүр боласыз. Қажетсіз дүниелер мен ақпараттардан арылып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз.
Жұлдыздар мергендерге өз қателерін мойындап, олармен жұмыс істеуге кеңес береді. Денсаулығыңызға көңіл бөлгеніңіз абзал. Қажет емес дүниеге деген құлшынып, өзіңізді шектемесеңіз денсаулығыңызды әлсіретіп алуыңыз мүмкін. Алдыңызға айқын мақсат қойсаңыз, сізге тең келер жан болмайды.
Тауешкі (22.12 – 20.01)
Тауешкілер шілде айында төзімімен, мықтылығымен сыналады. Жауапкершілікке, тәртіп пен оң нәтижелерге көңіл бөлудің орнына ұзақ уақыт бір шешімге келе алмай, жабырқап, көп нәрсеге салғырттық танытасыз. Алайда бойыңыздағы күш-қуат, талпыныс жетістікке жетелейді.
Мансапқа, жұмысқа баса назар аударғаныңыз дұрыс. Өйткені іскерліктегі жаңа идеялар дамуыңызға оң ықпал етуі мүмкін. Тәуекелге барудан қорықпаңыз. Табысқа кенелетіндей мүмкіндігіңіз болады, оны жіберіп алмаңыз.
Тауешкілер өзінің дамуы үшін қиын шешімдер қабылдап, зиян әдеттен бас тартады, қажетсіз адамдармен қарым-қатынасын тоқтатады. Сезімдеріңіз бен ойларыңызды қалыпқа келтіру үшін жалғыздыққа да уақыт табыңыз. Өзіңізді алдаудан аулақ болыңыз.
Суқұйғыш (21.01 – 19.02)
Келер айда суқұйғыштар еш себепсіз жабырқап, көңілін мұң басады. Алай жұлдыздар мұндай сезімдермен күресудің қажеті жоқ ден санайды. Оның орнына сүйікті мелодрамаңызды көріп, музыка тыңдап, сезімдеріңізге ерік беріңіз.
Жұмысты ысырып, демалыңыз, жақындарыңызбен уақыт өткізіңіз, сырласыңыз. Өміріңіздегі өзгерістер жайында ойлап қойғаныңыз абзал. Жеткен жетістіктеріңізді саралаңыз. Берілген мүмкіндікті құр жібермей, пайдаңызға асыруды үйреніңіз.
Бірақ суқұйғыштардың махаббатта жолы болады деп айту қиын. Сүйіктіңізбен қарым-қатынасыңыз тұралап қалу қаупі бар. Сол себепті түсініспеушілікке жол бермей, жақыныңызбен ашық сөйлескеніңіз абзал.
Балықтар (20.02 – 20.03)
Шілде айы балықтар үшін сәттілікке толы болмақ. Барлық мәселе шешімін тауып, асығыңыз алшысынан түскелі тұр. Алға қойған мақсаттарыңызға қол жеткізуге қолайлы уақыт. Балықтар армандарының орыдалуы үшін не істеу керегін жақсы біледі. Осыны қолға алыңыз. Сонда армандарыңызды жүзеге асыруда күш те, ынта да пайда болады.
Алайда қаржылық жағынан бірқатар қиындықтар туындауы ықтимал. Ақшаға келгенде қиын таңдау жасауыңыз мүмкін. Бірақ абдырап қалмаңыз. Барлығын ақылға салып, шешім қабылдаңыз, қаржы сауатыңызды арттырыңыз. Өзіңізге жауапкершілік алудан қорықпаңыз.