» » Комиссия отырысы өтті

Комиссия отырысы өтті

Аудан әкімінің орынбасары С.Смағұловтың төрағалығымен аудан әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиынға құқық қорғау органдарының мүшелері, тиісті бөлім басшылары қатысты.

Күн тәртібінде 2024 жылдың 6 айында кәмелетке толмағандармен оларға қарсы жасалған қылмыстардың алдын алу бағытында атқарылған жұмыстар туралы аудандық полиция бөлімінің Жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің бастығы Қ.Ермаханов, мәдениет және спорт ұйымдарына тартылған балалар мен жасөспірімдер бойынша атқарылған жұмыстар туралы аудандық спорт және туризм бөлімінің басшысы Н.Мырзабаев пен мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының міндетін атқарушы Е.Ерсұлтановтың баяндамалары тыңдалды.

Мәжіліс соңында комиссия төрағасы ішкі істер органдарында тіркелген және қолайсыз отбасында тәрбиеленіп жатқан балалардың демалыс уақытын тиімді өткізу бағытында мәдени спорттық іс-шараларды күшейту, құқық бұзушылыққа бейім балалар мен жасөспірімдерді мектеп жанындағы және басқа да лагерьлерге сондай ақ, спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелеріне тарту жұмыстарын жандандыру бойынша тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктеді.

21 шілде 2024 ж. 326 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10537)

12 қыркүйек 2026 ж.

№68 (10536)

08 қыркүйек 2026 ж.

№67 (10535)

05 қыркүйек 2026 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 3 839
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Мен – балықшы (фотоэтюд)
06 қыркүйек 2026 ж. 2 110

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930