Жаңбыр адамның жасанды технологиясы
Алтай Айнабектің жеке қорынан
Алтай Айнабек – климаттық технологиялар маманы, инженер, өнертапқыш. Әлеуметтік желі қолданушылары арасында «жасанды жаңбыр жауғызу» технологиясы арқылы танымалдылыққа ие болды. Оның жасап жатқан тәжірибесі еліміздегі құрғақшылық мәселесін түбегейлі шешуі мүмкін. Осы тұрғыда Dauletten.kz ақпараттық-танымдық порталының тілшісі Нұрасыл Бекматов климаттық технологиялар маманымен жасап жатқан жұмыстары туралы сұқбаттасты.
Сізді әлеуметтік желі жазылушылары қолдан жауын жаудырушы ретінде таниды. Осы тұста өзіңіз туралы қысқаша ақпарат берсеңіз.
Мен БАӘ де тіркелген International Center of Climate Change Technologies мекемесінің басшысымын, Халықаралық климаттық технологиялар саласының тәжірибелі маманы және сарапшысымын. Климатты басқару жүйесінің авторымын және осы салада 8 жылдық тәжірибем бар. Қазіргі таңда әлем бойынша біздің мекеме елдегі региондардың климаттық қауіпсіздік қызметін қамтамасыз етумен айналысады. Климаттық қауіпсіздік дегеніміз, селдерге қарсы жұмыс істеу, климаттық жаһандық жылынуға және құрғақшылық қалалардың ауасының сапасын жақсартумен айналысады. Бүгінде компания 4 мемлекет пен 2 континентте жұмыс жүргізеді.
Бұл салаға қалай келдіңіз? Климат құбылыстарын өзгертуге деген нақты қадамдар неден басталды?
20 жылдан астам уақыт бойы БАӘ климаттық технологиялар полигоны болып есептеледі. Сол жақта жүріп осы саланың мамандарынан тәжірибе алмасу нәтижесінде, тың климатқа әсер етудің жаңа принципін ойлап таптық. Бұрын мамандар азаматтық мақсаттағы климаттық технологиялардың күшімен атмосферадағы ылғалдан жауын деңгейін көтере алған. Ал бұл аридтік аймақтарға ешқандай нәтиже бермеген. Біздің жаңа принцип табиғаттағы жауын-шашын көп болатын жерлердегі құбылыстарға сай жасанды импульс беру арқылы (жасанды имитация) әсер ететін аумақтардың климатын өзгертеді. Температура түседі, жауынды бұлттар мұхиттардан жиі келеді және жауын деңгейі көтеріледі.
Өз құрылғыларыңыздың әсерінен Арал ауданына жаңбыр жауғызып, теңіз табанын жібіткеніңізді көрдік. Әлеуметтік желілерде тұрғындардың жылы лебізді пікірлеріде байқалды. Ал осы құбылысты көрген жергілікті билік өкілдері не деді?
Арал ауданының билігі қондырғылардың локация мәселесінен жәрдем берді. Сондай-ақ, Қазавтожол мекемесіне алғысымыз шексіз. Ал басқа жақтан ешкім хабарласпады. Бірақ, бір топ азамат елдің климатын оң нәтижелі өзгертіп жатқанын байқамай отыр дегенге сену қиын. Болашақта бізді Үкімет тарапы қолдамаса жоба жалғасын таппайды.
Сырдың бойы жылдан жылға тартылып жатқаны жасырын емес. Төменгі ағыста орналасқан аудандарға құрғақшылық болады деп дабыл қаққандарын да көрдік. Сіздің технология құрғақшылық мәселесін қаншалықты деңгейде шешеді?
Орталық Азия мемлекеттердің су қауіпсіздігін толық қамтамасыз етуге қауқарлы. Арал Орталық Азия елдеріндегі су тапшылығы проблеманың эпицентрі, көрсеткіші ғана. Толық қажетті материалдық-техникалық мүмкіндіміз болмағандықтан, жауынның басым бөлігін Аралдың тарихи табанына локализация жасай алмай отырмыз. Тартылған атмосфералық ылғалдың басым бөлігі таулы облыстарға өтіп, сонда көп жауып жатыр. Бір жылда Аралдың үстіне 100% жауын деңгейін көтергенде, Аралға қосымша 7 км3 су құйылады. Бұл ең писсимисттік болжам. Ал қазір кей жерлерде жұмыс барысында 300 мм, яғни жылдық нормадан үш еседен көп жаңбыр жауды деген ақпараттар келуде. Құбылыстар локализациясыз болып жатқан нәрсе. Осыдан-ақ, мүмкіншілік үлкен екенін ұғынуға болады.
Мақсатқа жету жолындағы еңбегіңізге куә болудамыз. Ары қарай мұндай тәжірибелерді қай өңірде жалғастыруды көздеудесіз? Билік өкілдерімен байланыс орнаттыңыз ба?
Арал жобасы ұзақ жылдар жүргізілуі керек. Ол үлкен зерттеу мен еңбекті талап етеді. Арал қайта толып жатса бұл ортақ жеңісіміз болмақ. Ал бізге қызығып, жобамыздың нәтижесін көрген өзге мемлекеттерден де әріптестеріміз хабарласып жатады. Осыған дейін Африка елдерімен, Сахель аймағымен, Пәкістан, Сауд түбегі, Өзбекстан, Европаның оңтүстігімен меморандумға отырдық. Ары қарай бірлескен жұмыстарымызды жалғастыра береміз.
Мен осы жобаларымның барысында Қазақстан Республикасы Су және ирригация министрімен жеке кездестім. Нұржан Нұржігітов жобамызды қолдайтынын жеткізіп, біздің атқарып жатқан жұмыстарға жұмыс тобын құрып бақылайтынын айтты. Қос тараптар бірігіп жатсақ ауқымды істерді атқаранымызға сенемін.
Сіздің пікіріңізше жасанды жаңбыр жауғызамыз деп климаттық белдеуімізге зақым келтіріп алмаймыз ба? Жоба іске асса оның кері әсерлері қандай болуы мүмкін?
Мен адамдар бір нәрсені түсінсе екен деймін. Бұрынғы, дәстүрлі сумен қамтамасыз ету технологиялары құрғақ аймақтардың су қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайды. Оған Аралдың қазіргі жағдайы айқын мысал. Әлемдік Банк пен Азия даму банкінің Қазақстанның климаттық тәуекелдері құжатына сай, Орталық Азия елдерінде температура ең қатты жоғарылайды. Нәтижесінде дамбалар мен су қоймалары жиі жарылу қауіпіне ұшырайды, өйткені қыстағы қар тез ериді делінген. Мысалға АҚШ-та соңғы 10 жылда шамамен 15 шақты су қоймаларына демонтаж жасалынды. Жыл он екі ай климаттық технологиямен су деңгейін көтеруге болады. Оған еш кедергілер жоқ.
Сұқбатыңызға көп рақмет, енді қорытынды сауал болса. Алтайдың еңдігі жасары не? Қолдаушылар өзіңізді келесі қай нүктеде күтсін?
Аралдың су деңгейін системалық түрде жоғарылата береміз. Орталық Азия елдерінің климаттық және су қауіпсіздігін қамтамасыз етуді жалғастырамыз. Жоспарлап отырған жобаларымыз өте көп. Шынымен де осы жобаларымызды іске асырып нәтижесін көрсетсек дейміз. Қазақстанда тағы бір түйіні шешілмеген әрі назар аудартатын проблема – ауа мәселесі. Командамызбен Алматы секілді ауасының сапасы нашар қалалардың ауа сапасын жақсарту жобасына кірісеміз. Қазір қолымызда технологияларымыз бар. Ол туралы болашақта өз парақшаларымда бөлісемін.
dauletten.kz