» » Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі

Онлайн бақылау-кассалық машиналарын қолдану тәртібі

Бүгінгі күні ақпараттық және инновациялық технологиялар жаңарған сайын, салық жүйесіндегі бақылау мен әкімшілдендіруді жетілдірілуге байланысты өзгерістер де күн санап дамып келеді. Сондықтан да салық төлеуші субъектілерге қойылатын талаптарға байланысты бірқатар өзгеріс тәжірибеге енгізілуде. Соның бірі – сауда орындарында автоматты түрде мәліметтер беру функциясы бар бақылау-кассалық машинасын орнату болып табылады. Бұл талап – салықтан жалтаруға жол бермейтін және салықтық есептілік проблемаларын дер кезінде жүргізіп отыруға мүмкіндік беретін тиімді механизм.
БКМ қолданудан мына тұлғалар босатылған:
1) жеке тұлғалар;
2) жеке сот орындаушылар, адвокаттар мен медиаторлар;
3) уәкілетті органмен келісу бойынша көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган бекіткен нысан бойынша билеттерді бере отырып, халыққа қызмет көрсетіп, қалалық қоғамдық көлікте тасымалдаушылар;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі;
5) қызметі ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желiлерi жоқ жерлердегі салық төлеушілер;
6) екінші деңгейдегі банктер;
7) діни бірлестіктері;
8) ортақ пайдаланылатын телекоммуникациялар желiсi жоқ жерлерде жүзеге асырылатын ақшалай есеп айырысуларды қоспағанда, ақшалай есеп айырысулары кезінде Ұлттық пошта операторлары;
9) арнаулы мобильді қосымша («e-Salyq Business» мобильді қосымшасы) арқылы жүргізілетін ақшалай есеп айырысулар бойынша кәсіпкерлер.
Қазақстан Республикасының Кодексі 2017 жылғы 25 желтоқсандағы No120-VІ санды «Салық және бюджетке төленетін басқада міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес, деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машинасының чегінде мынадай ақпараттарды қамтуы тиіс:
1) салық төлеушінің атауын;
2) салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірін;
3) бақылау-касса машинасының зауыттық нөмірін;
4) бақылау-касса машинасының салық органындағы тіркеу нөмірін;
5) чектің реттік нөмірін;
6) тауарларды сатып алу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету жасалған күн мен уақытты;
7) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің бір бірлігі үшін бағасын;
8) фискалдық белгіні;
9) деректерді тіркеу және (немесе) беру функциясы бар бақылау-касса машиналарының бақылау чегінің төлнұсқалығын тексеру үшін фискалдық деректер операторының атауын және фискалдық деректер операторы интернет-ресурсының деректемелерін;
10) тауардың, жұмыстың, көрсетілетін қызметтің атауын;
11) сатып алынатын тауардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің санын, олардың өлшем бірлігін;
12) тауарды, жұмысты, көрсетілетін қызметті сатудың жалпы сомасын;
13) егер салық төлеуші қосылған құн салығын төлеуші болып табылса – тауарларды, жұмыстарды, көрсетілген қызметтерді өткізу бойынша, қосылған құн салығы салынатын айналымдар жөніндегі мөлшерлемені көрсете отырып, қосылған құн салығының сомасын;
14) бақылау-касса машинасы пайдаланылатын жердің мекен жайын;
15) бақылау-касса машинасының чегі туралы ақпаратты кодталған түрде қамтитын штрих кодты.
Тағы да бір айта кететін жағдай, бақылау-кассалық машиналарын орнату мәселесіне немқұрайлы қарауға болмайды. Олай дейтініміз, кез келген заң талаптары оны орындамаған жағдайда құқықтық шаралар қолдануды назардан тыс қалдырмайды. Себебі, заң – баршаға ортақ. Ал оны орындауға әркім міндетті. Сондықтан да автоматты түрде мәлімет беру функциясы бар бақылау-кассалық машиналарын орнатпау, тіркемеу және тиісті талаппен дұрыс жұмыс істетпеу фактілері орын алған жағдайда, Қазақстан Республикасы Әкімшілік-құқық бұзу кодексінің 284 бабы бойынша жауапкершілікке тартылатынын да еске сала кеткен артық болмас.
Сонымен қатар, жоғарыда көрсетілген Қаржы министрінің БКМ модельдерін БКМ-нің мемлекеттік тізіліміне (тізілімнен) енгізу (алып тастау) Қағидасының 3-қосымшасына (1-кесте) сәйкес БКМ қалыптастыратын чектерге және өзге де құжаттарға қойылатын талаптар: «30.БКМ Салық кодексінің 166-бабының 6-тармағына сәйкес бақылау чегінде деректемелерді басып шығаруды, оның ішінде қазақ тілі әліпбиінің ерекше әріптерін пайдалана отырып, қазақ тілінде қамтамасыз етуі тиіс».
Заңның 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы азаматының ана тілін қолдануына, қарым-қатынас, тәрбие, оқу және шығармашылық тілін еркін таңдауына құқығы бар, яғни кез келген азамат мемлекеттік тілде қызмет көрсетуді талап ету құқығына ие екенін мәлімдейміз.
Осыған орай, салық төлеушілер арасында бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тілде түбіртек беру тәртібіне шақырамыз.
О.ҚҰЛҚАТОВ,
Қармақшы ауданы бойынша МКБ бас маманы
07 шілде 2024 ж. 128 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 296

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 393

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930