» » Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?

Несиеге алынған көлікті сатуға болады ма?


Қазіргі таңда әлеуметтің әлеуеті көлікті қолма-қол ақшаға сатып алуға жетпейді. Көпшілігі кредитке көлік алып, қарызын толығымен төлеп тастауға шамасы келмейді. Алайда көліктің иесіне шұғыл ақша керек болып, темір тұлпарын сатуға тура келеді. Алайда бұл процессті қалай дұрыс жүзеге асыру керек? Несиеге алынған көлікті сатуға болама? Massaget.kz тілшісі тақырыпты заңгерлермен тілдесе отырып зерттеп көрді.
Теорияда банктің клиенті автомобильдің иесі болғанымен, бірақ іс жүзінде оның құқықтары қарыз толық өтеліп біткенше шектеледі.  Яғни, меншік иесі автомобильді сатуға, оны басқа түске бояуға мүмкіндігі жоқ. Тіпті ай сайынғы төлемдерді кешіктірген жағдайда банк меншік иесінен машинаны алып, көлікті өзге адамға сата алады.
Неліктен адамдар несиеге алған көліктерін сатады
Біздің елде автонесиені 7 жылға дейін рәсімдеуге болады. Алайда осы уақыт аралығында адамдардың өмірінде түрлі өзгерістер орын алуы мүмкін. Кейді проблемаларды тек темір тұлпарын сату арқылы шешуге болады. Несиеге алынған көлікті сатуға негізгі себептер:
  • Қаржылық жағдайдың нашарлауы;
  • Тұрақты төлемдердің тым көп болуы; 
  • Отбасындағы кірісті арттыру;
  • Бастапқы жарнаға ақша салып, жаңа ауқымды көлік алу;
  • Тиімді ұсыныстар (арзан үй, жер телімінің пайда  болуы);
  • Клиникада емделу немесе баласының оқуына ақша төлеу.
"Несиеге алынған кез келген көлік құралы банкте кепілде тұрады. Меншік иесіне машинаны өзге адамның атына аударуға мүмкіндік жоқ. Бұл көлікті сату кезінде сатып алушы банктегі берешекті толық жауып, бұғаттан шығарылған көлікті өз атына аударып жатады. Кейбір жағдайларда ған банктегі несиені өзге адамның атына өзгерту, яғни банктік сату сатып алу шартын, банктік несие шартын үйлестіре отыра 3 жақты келісімінен өтіп қайта жасақталып жатады. Бірақ бұл өте қиын, ұзақ процесс. Сондықтан несиеде тұрған көлікті сатушы автокөліктің несиеде тұрғанын алдын ала ескертіп жазып қоюы тиіс", - дейді заңгер Бердімұрат Хасенұлы.  
Сондай-ақ заңгер көлікті кепілден шығару кезіндегі барлық процессті толық білу керек дейді. Себебі кейбір жағдайларда автокөлікті несиеден шығарып беремін деп алдап кететін адамдар бар екен. Ақшаны алып ізім-ғайым жоғалады немесе белгілі бір себептермен банктен көлік шықпай қалатын себептер көп. Сондықтан сенімді адам болмаса несиеде тұрған көлікті кепілден шығару үшін тәуекелге барудың қажеті жоқ. 
Банктің алдындағы берешекті соңғы тиынына дейін өтеп болған жағдайда кепілден шығарады. Мұндай жағдайда көлікті сатудың бірнеше нұсқасы бар. 
  • Көлікті сатушы сатып алушыны өзі таба алады;
  • Несиені қайта ресімдеуге мүмкіндік;
  • Банк арқылы автокөлікті сату;
  • Автокөлік дилеріндегі сауда қызметтері.
Алайда заңгер осы кезге дейін кепілде тұрған көлікті аламын деп алданып қалған адамдар көп екенін айтты. Алаяқтыққа себеп екінші деңгейлі банктер емес автоломбардтар. Олардың механизімін Бердімұрат Хасенұлы былай түсіндірді. 
"Асхат деген азамат өзінің көлігін апарып ломбардқа кепілге қояды. Бірақ ол көлікті бұған дейін басқа адамның атынан сатып алып өз атына аудармаған. Ол көлік басқа адамның атында, мәселен Медеттің атында болуы мүмкін. Медеттен ол көлікті сатып алу шартын жасап айлық бөліп төлеуге келісіп алған  болуы ықтимал. Апарып сол көлікті ломбардқа өткізеді. Ломбард ол көлікті қабылдап алады. Неге? Себебі ол автокөліктің кілті, құжаты және көлік құралы сол адамның иелігінде жүр. Ал көліктің құжаты мен кілті бір адамға сеніп тапсырылған болса ол ұрланған болып есептелмейді. Осылайша ломбард ол автокөлікті ХҚКО арқылы блокқа қояды. Осы кезде Медет көлігін сұрап Асхатқа хабарласады. Ал Асхат мен сені танымаймын, көлік қайда екенін білмеймін деп алаяқтық жасайды. Медет ол көлікті іздеп ломбардқа барады. Бірақ ол көлікті ала алмайды. Неге? Өйткені оны Асхат деген азаматтан қабылдап алған. Зардап шегуші Медет болып шығады.
Содан кейін ол көлікті Ломбард Медеттің қарсылығына қарамастан кепілден шығарып сатып жібереді. Содан белгілі бір уақыт өткеннен кейін Медет арыз жазады. Осы кезде көлікті сатып алған үшінші адам, Айнұр делік аяқ астынан оның кепілде тұрғанын түсінеді. Ол көліктің бұған дейінгі даулы оқиғаларын біледі. Осындай алаяқтық схемамен өзінің атына заңды түрде ХҚКО нөмір алған адамдардың өзі кейін көлікті сата алмай, жәй ғана мініп жүр. Яғни ол көлікті сіз қолдана аласыз, бірақ өзіңіздің атыңыздан шығарып тастай алмайсыз.
Бұл жерде алғашқыда көлікті бөліп төлеуге берген Медет пен көлікті сатып алсада басыбайлы меншіктей алмай жүрген Айнұр зардап шегеді. Ал ломбард өзінің ақшасын алады. Себебі Айнұр одан көлікті сатып алды. Осы сынды кейстер қоғамда өте көп. Сондықтан көлікті сатып алмас бұрын оның бұған дейінгі тарихын техникалық құжаты арқылы жақсылап зерттеу керек", - дейді заңгер.  
18 маусым 2024 ж. 196 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 027

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031