» » Несие қарызы кешіріле ме...

Несие қарызы кешіріле ме...

Кейбір отандастарымыздың несиесі есептен шығарылуы мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.
Ресми мәлімет бойынша, Қазақстанда тұтыну несиесін 8,4 миллион адам пайдаланады. Оның ішінде 1,5 миллион адам несиесін уақытында төлей алмайды. Өткен аптада парламент несиелеудегі тәуекелдерді азайту туралы заң қабылдады. 
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚНДРА) басшысының орынбасары Олжас Қизатов журналистермен кездескен кезде бұл заң мерзімі өтіп кеткен несиесі бар азаматтардың мәселесін қалай реттейтінін айтып берді.  
«Қазіргі таңда 1,5 миллион адамның банктерден, микроқаржы ұйымдарынан және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам төленбеген қарызы бар. Енді несие берушілермен жұмыс істеу керек. 1,5 миллион халықтың арасында зейнеткерлер, көп балалы аналар, мүмкіндігі шектеулі жандар бар. Біз қарызы бар осал адамдарды анықтаймыз және несие берушілермен несиені кешіру туралы сөйлесеміз. Біз оларға несиені кешіру міндетін қоя алмаймыз»,  деді ол.
Оның айтуынша, микроқаржы ұйымдары болсын, барлығы бірдей қарызды кешіре бермейді. Өйткені олардың капиталы азаюы мүмкін. Кейбіреулерге қарызын бөліп төлеуге мүмкіндік беру, ал басқаларға белгілі бір соманы кешіру тәрізді нұсқалар қарастырылып жатыр.
Қизатов енді отандастарымыздың несиесі кешіріледі деп нақты айту мүмкін еместігін, мұны кредиторлардың өздері шешеді деп баса айтты. Оның айтуынша, проблемалық несиелер бойынша тиісті жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады.
Сонымен қатар, ҚНДРА тұтынушылық несиелердің максималды сомасын шектеуді және мерзімі өткен несиелері бар борышкерлерге тыйым салуды жоспарлап отырған айтты.
«Болашақта қаржылық қиындықтарға тап болатын жаңа қарыз алушылар болмауы үшін біз заңмен тыйым салғымыз келеді: егер оның басқа банктен немесе микроқаржы ұйымынан мерзімі өткен несиесі болса, онда проблемалық несиені жапқанға дейін жаңа несие алуға тыйым салу керек.
Сондай-ақ тұтынушылық несиенің максималды мөлшерін шектегіміз келеді. Олардың көбіне 100 миллион теңгеден асатын, кейде 1 миллиард теңгеге жететін сомаға шығарылатынын көріп жүрміз. Бұл бизнес үшін алынған несие болса керек. Қазақстан халқының несиелік қарызын көбейтпеу үшін біз тұтынушылық несиенің жоғарғы шегін шектегіміз келеді»,  деді Қизатов.
Бұл ретте ҚНДРА төрағасының орынбасары аталған лимит әлі белгіленбегенін түсіндірді. Бұл мәселе банк қауымдастығымен бірлесіп зерттеліп жатыр.
09 маусым 2024 ж. 138 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 028

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031