» » 300 мың теңге: Несиені кешірудің ІІ кезеңі жүзеге асып жатыр

300 мың теңге: Несиені кешірудің ІІ кезеңі жүзеге асып жатыр

26 маусымда ҚР Президентінің азаматтардың борыш жүктемесін азайту туралы Жарлығы шықты. Осы Жарлық негізінде 500 мыңнан астам азаматтың 300 мың теңгеге дейінгі несиесі кешірілді. Оған бюджеттен 105 миллиард теңге бөлінді.
Алғашқы акция 5 қыркүйекте аяқталған болатын, деп жазады qazaqstan.tv. Кейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов алдыңғы акция кезінде кейбір азаматтардың құжаттары дерек қорында болмағандықтан, жеңілдікке ілінбей қалғанын айтып, қосымша 57 мыңға жуық адамның несиесі кешірілетінін мәлімдеген еді. Бүгінде Қазақстанда осы науқанның екінші кезеңі жүзеге асып жатыр. Мемлекет кімнің кредитін өтеп береді? Тұтынушылық кредиті бойынша қарыздары кешірілетін тұлғалар: Көпбалалы отбасылар; Асыраушысынан айырылып, жәрдемақы алып отырған отбасылар; Мүгедек-балалары бар, 18 жастан жоғары жастағы мүгедектерді асырап отырған отбасылар; Атаулы әлеуметтік көмекті алушылар; Жетім-балалар; Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, кәмелет жасқа дейін ата-анасынан айырылған 29 жасқа дейінгі азаматтар. Азаматтар несие бойынша қарыздары өтелетіндердің қатарында бар-жоғын қалай біледі? Қарызы барлардың тізімін мемлекеттік органдар жасақтайды. Несиесі өтелетіндер мәртебесін enbek.gov.kz, egov.kz сайттарынан және Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан біле алады. Егер тізімде болмасаңыз не істеу керек? 111 байланыс нөмірі арқылы хабарласып ақпарат алуға болады. Азаматтардың бірнеше несиесі болса, барлығы өтеле ме, әлде біреуі ме? Қарыздар санына қарамастан есептеледі. Егер сіздің бірнеше несиеңіз болса, онда 300 мың теңге қарызыңыз ең ірі несиеңізден өтеледі. Мәселен, несиесі бар азамат 200 мың теңгені бір банктен, 150 мың теңгені тағы бір банктен алған болса, әуелі бірінші банктегі 200 мың теңге толықтай төленіп беріледі, содан соң барып екінші банктегі 100 мың теңге қарызы ішінәра өтеледі. Екінші банктегі қалған 50 мың теңге қарызын несие алған адам өзі жабады. Отбасы мүшелерінің бәрінің кредиті кешіріле ме, әлде тек біреуінікі ғана ма? Егер отбасы мүшелерінің бас-басында несиесі болса, онда келісімшарт бойынша әрбірінің қарызы өтеледі. Қарызы кешірілген адам болашақта несие алуға мүмкіндігі бар ма? Несие алуға тыйым салынбайды. Алайда оны беру талаптары күшейеді. Айта кетейік, ақша несие алушының шотына түседі. Қарыз алушы өтініш жазуы керек.


08 желтоқсан 2019 ж. 1 760 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№100 (10365)

20 желтоқсан 2024 ж.

№99 (10364)

13 желтоқсан 2024 ж.

№98 (10363)

10 желтоқсан 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 1 023

Мәдениет

Әлем таныған Әбдіжәміл

Әлем таныған Әбдіжәміл

18 желтоқсан 2024 ж.
ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

ЕСТІ ӘН ЕСТІП ЖҮРМІЗ БЕ?

17 желтоқсан 2024 ж.
Әжелер салған ән қандай...

Әжелер салған ән қандай...

09 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031