» » Қымбатты жерлестер!

Қымбатты жерлестер!


Баршаңызды халықаралық балаларды қорғау күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Балалы үйді базарға теңеген жұртымыз өмір бақытын бала бақытынан тауып, әрдайым перзентінің амандығын тілеп, жетістігіне марқайып отыратындығын білеміз.

Елімізде балаларымыздың білім алуына, спортпен шұғылданып, түрлі қабілеттерін шыңдауына, демалыстарын тиімді өткізуіне барлық жағдай қарастырылған. Әр сәбидің амандығы, бөбектеріміздің денінің саулығы да мемлекетіміздің басты назарында.

Елдің ертеңіне, болашағына баланған балғындардың бейбіт күнде қауіпсіз өмір сүруі, әр күнін шаттыққа толы өткізуі бүгінгі аға буынның, қоғамның алдында тұрған әуелгі міндеттердің бірі.

Бұл ретте Қармақшы ауданында балалардың уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастырып, келешек елдің тұтқасын ұстар ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін барлық жағдай жасала беретіндігін жеткізгім келеді.

Қымбатты балалар!
Біз үшін яғни әрбір ата-ана үшін бұл өмірдің бақыты сәбилерінің мейірімге бөленіп, риясыз күлгенін, олардың бақытты жүздерін көру. Өмірімізге әр беріп, мәнін кіргізген, көңілімізге қуаныш сыйлаған балғындарға айтар тілегім дендеріңіз сау болсын! Әрдайым ата-аналарыңызды қуантып, білім алып, еліміздің жарқын болашағына айналыңыздар.
Баршаңызға бақытты балалық шақ тілеймін!

01 маусым 2024 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (10463)

13 желтоқсан 2025 ж.

№94 (10462)

09 желтоқсан 2025 ж.

№93 (10461)

06 желтоқсан 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ!

ХАБАРЛАНДЫРУ!

18 қараша 2025 ж.
Шұғыл хабарландыру!

Шұғыл хабарландыру!

04 қараша 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 2 082
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 741

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031