Құттықтау!

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ! ҚЫМБАТТЫ БАЛАЛАР!
Сіздерді 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын!
Бұл күн – ерекше қуанышқа толы шуақты мейрам. Осы мерекеде баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екені айқын сезіледі.
Біз баламыз – болашағымыз деп үміт артып, жақсы тәрбие беруді басты борышымыз деп санайтын халықпыз.
Сондықтан, бар жақсылығын балаға арнап, олардың саналы азамат болып өсуіне қамқорлығын аямайтын елдің болашағы да жарқын болады деп ойлаймын.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау – мемлекетіміздің басты міндетінің бірі» екенін айқындап берді.
Өткен «Балалар жылы» аясында ауданда 8 ойын алаңы салынды. Кәсіпкер азаматтардың қолдауымен әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасы балаларына 50 велосипед табысталды. Әрбір баланың дарынын ашуды көздейтін түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды.
Биыл да балаларды жан-жақты дамыту, қолдау шаралары жүйелі жалғасып келеді. Солардың бірі – бүгінгі балалар мейрамында ауданда «Әсия ана» балабақшасы ашылуда. Сонымен бірге Иіркөл, Жосалы ауылдық округтерінде балаларға арналған ойын алаңдары салынуда.
Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жылдан-жылға күшейте түсеміз. Өйткені, жас ұрпақтың мықты азамат болып өсуі еліміздің тұрақты дамуына жол ашады.
Қымбатты балалар!
Туған жерімізді түлетер, тәуелсіз елімізді көркейтіп, нығайтар өздеріңіздей жас ұрпақтың келешегі кемел, жолы ашық болсын! Дендеріңіз сау, өмірлеріңіз ұзақ болсын!
Жазғы демалыстарыңыз жақсы өтсін!
Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын!
Құрметпен, Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек

01 маусым 2023 ж. 368 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930