» » Медицина саласының еңбек сіңірген дәрігері М.Мырзағұловты еске алуға арналған спартакиада өтуде

Медицина саласының еңбек сіңірген дәрігері М.Мырзағұловты еске алуға арналған спартакиада өтуде


Медицина саласының еңбек сіңірген дәрігері Марат Мырзағұловты еске алуға арналған медицина қызметкерлері арасындағы аудандық спартакиаданың ашылуы болды.

Қармақшы аудандық ауруханасының бас дәрігері медицина саласын дамытуда М.Мырзағұловтың еңбегі зор екенін атап өтті.
– Арда азаматтың жүріп өткен жолы өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге. Алтын қолды дәрігер жылдар бойы «Жансақтау» бөлімшесіне жетекшіліп етіп, іргелі ұжымның жұмысына серпін берді. Мырзағұловтар әулетінің мақтанышына айналған ардақты жанның есімі нәтижелі істерімен ел жадында сақталады. Өйткені оның алдына көмек сұрап келген әрбір адам науқасқа деген ерекше мейірімін көрді – деді Б.Нысанбаев.

Аудандық жарыстың ашылу салтанатына Қармақшы ауданының қоғамдық кеңесі төрағасы Құлдүйсенов Әбдірахман, Қармақшы аудандық ауруханасы ардагерлер ұйымы төрағасы Қаржаубаев Алмас, Қармақшы аудандық ауруханасы бас дәрігері Нысанбаев Бақытжан және еңбегі сіңген ардагердің ұлы, облыстық аурухана травматолог дәрігері Мырзағұлов Айбек Маратұлы және бірқатар ардагерлер қатысып, естеліктерін айтты.
Және ардақты ардагеріміздің ұлы Мырзағұлов Айбек Маратұлы спартакиада ұйымдастырушыларына алғысын білдіре отыра, сайысқа қатысушыларға  сәттілік тіледі.

Медицина қызметкерлері арасында бұқаралық спортты насихаттау мақсатында ұйымдастырылған жарысқа 7 спорт түрі бойынша 150-ге жуық спортшыдан тұратын 6 команда бақ сынайтын болады.
Футбол, үстел теннисі, волейбол, ұзындыққа секіру, эстафета, тоғызқұмалақ, арқан тартудан тартысты ойын түрлерімен жарысатын болады.
Жарысқа қатысушы командаларға сәттілік, жеңіс тілейміз!
22 мамыр 2024 ж. 357 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№69 (10437)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (10436)

09 қыркүйек 2025 ж.

№67 (10435)

06 қыркүйек 2025 ж.

Хабарландыру

ХАБАРЛАНДЫРУ

ХАБАРЛАНДЫРУ

15 қыркүйек 2025 ж.
Хабарландыру

Хабарландыру

02 қыркүйек 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 1 414
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Мәдениет

Халықтың асыл қазынасы

Халықтың асыл қазынасы

09 қыркүйек 2025 ж.
Ұлттық код

Ұлттық код

09 қыркүйек 2025 ж.
Театрдың ғажайып әлемі

Театрдың ғажайып әлемі

07 қыркүйек 2025 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңарған Жосалы
02 қыркүйек 2025 ж. 213

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930