» » Қалдырған із мәңгілік...

Қалдырған із мәңгілік...

Ақжар ауылындағы С.Бөртебайұлы атындағы клуб үйінде аналар кеңесінің жоспарына сай, «Еңбектегі ерлігі үшін» төсбелгісінің иегері, еңбек ардагері Шынар Кәдірқызын еске алуға арналған «Қалдырған ізің мәңгілік» атты жыршы-термешілердің фестивалі өткізілді.
Аймақтық фестивальді ауыл әкімі Нұржамал Бектайқызы ашып, кеш қонақтарына кезек берді.
Шынар апаймен бірге еңбек еткен ардагер-ұстаз Рая Қайырқызы, сол кездегі жас маман No28 орта мектептің үлгілі ұстазы, «Ақ әжелер» ансамблінің белсенді мүшесі Сара Өсерқызы, шәкірттері Сәрсенкүл Оспанова, Зағира Таубаева, Қайрат Жарылқасынов, Сағат Шоқбаров, Света Бедебаева, Әлиша Балмахановалар ұстаздарының бойындағы асыл қасиеттерін, өнегесін сағына сөз етсе, туған-туыстары, балаларының атынан Шара, Аман аналарының өмірде орны бөлек, жүрегі мейірімге толы болғанын жеткізе білді.
Кеште жыршы-термешілер Руслан Өтегенов, Әлішер Мырзағалиев, Алмат Азаматов, Ақсұңқар Бүркітбай, Балтабай Бедебаев «Текті сөздің төресі – терме» дегендей, нұсқалы сөздің тізбегіндей болған, халықтық дәстүр негізіндегі терме өнерінің жаңғырып, кең құлаш жаюына үлес қосып келе жатқандарын көрсетті.
К.Рүстембеков атындағы үйірменің жетекшісі Балтабай Хасенұлының шәкірттері, жас термешілер Нұрсезім Сағатова, Талант Балтабайұлы көпшіліктің ықыласына бөленді.
«Тербе, терме – маржан жыры бабамның,
Ақыл сөзі, нақыл сөзі данамның.
Сенде жатыр ұлылығы ұлтымның,
Шежіресі мынау ұлы даламның» деп ақындар жырлағандай, бұл жыршы-термешілер фестивалінен көрермен қауым ән-жыр тыңдап, рухани демалды. Осындай «Ауылымыздың асыл тұлғалары» жобасына үн қосқан 1984 жылғы түлектердің игі ісі өзгелерге үлгі боларлық іс-шара болды.
Рая ЖӨНЕЙТОВА
05 мамыр 2024 ж. 268 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (10409)

03 маусым 2025 ж.

№40 (10408)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (10407)

27 мамыр 2025 ж.

Оқиғалар

Әженің ашуы
02 қаңтар 2025 ж. 875
Ақсұлу

Ақсұлу

29 желтоқсан 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30