» » Сот кабинеті – озық қосымша

Сот кабинеті – озық қосымша

Сот кабинеті - Қазақстан Республикасы соттарының сервистеріне электрондық түрде қол жеткізудің бірыңғай терезесі. Қызметі азаматтық және қылмыстық істер бойынша электрондық өтініштер мен шағымдар беруге арналған.
Бұл сервис – сотқа жүгінушілер мен тараптарға өте қолайлы, озық жүйе. «Сот кабинеті» сервисіне кіру ЖСН немесе БСН, сондай-ақ пароль арқылы жүзеге асырылады. Сот ісін жүргізуге қатысушы электрондық цифрлық қолтаңбасын алып, «Сот кабинетінде» тіркелудің стандартты рәсімінен өтуі қажет. Өтініш беруші пайдаланушы келісіміне қол қойып, логин, пароль, электрондық пошта өрістерін толтырып, сертификатты таңдауы керек. Сот процесіне қатысушы логин мен парольді ұялы телефон нөміріне не электрондық мекенжайға электрондық хабарлама (SMS-хабарлама) арқылы алады. Сәтті тіркелгеннен кейін «Сот кеңсесінің» басты бетіне оралып, қажетті қызметті таңдай алады.
Сервистегі электрондық сот құжаттарын қарауға, сақтауға және жүктеуге болады, сондай-ақ талап арыз туралы ақпаратты, істі қарау барысын қарауға болады. Осы қызмет арқылы апелляциялық шағым/жеке шағым, сот актісін қадағалау тәртібімен қайта қарау туралы өтініш, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот актісін қайта қарау туралы өтініш, сырттай шешімнің күшін жою туралы өтініш, сот бұйрығының күшін жою туралы өтініштермен сотқа жүгінуге болады.
«Сот кабинеті» сервисі азаматтардың уақытын үнемдейді, сот жүйесіне қолжетімділікті жылдамдатады.
Бүгінгі таңда еліміздің сот саласында енгізіліп жатқан ақпараттық технологиялар соттардың жұмысын жеңілдетіп қана қоймай, халықпен кері байланыс орнатуда жоғары көрсеткіштер көрсетіп, жұмыс сапасының артуына септігін тигізді.Мемлекеттік қызмет көрсету үрдісін оңтайландыру ең алдымен, көрсетілетін қызметтің қолжетімділігін жоғарылатуға бағытталып отыр. Енді азаматтарға сот актісінің көшірмесін алу және оған апостиль қою үшін қағаз тасығышта сотқа келу қажет емес. Электрондық цифрлық қолтаңбасы бар және «Сот кабинеті» сервисінде тіркелген адам жер шарының кезкелген нүктесінде бола тұра, апостиль қою туралы арыз бере алады.
Осы арыздар мен шағымды жіберу үшін пайдаланушы өтініштің ұсынылған санын толтырып, қоса берілетін құжаттардың көшірмелерін жүктеуі және электрондық цифрлық қол таңбамен қол қойып, тиісті сот органына жіберуі қажет. Осылайша, пайдаланушыға сотқа барудың және кезекте тұрудың қажеті жоқ. Бұл азаматтардың уақытын және қаржы шығындарын айтарлықтай үнемдейді.
Ж.Тажимбетова,
Байқоңыр қалалық сотының
Сот әкімшісінің басшысы

29 сәуір 2024 ж. 163 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (10359)

26 қараша 2024 ж.

№93 (10358)

23 қараша 2024 ж.

№92 (10357)

19 қараша 2024 ж.

Оқиғалар

СӘТІ ТҮСКЕН ЕМ
20 қараша 2024 ж. 346

Сұхбат

Суреттер сөйлейдi

Кешкі бұлттар бейнесі
07 шілде 2024 ж. 3 428

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930