» » Балғын бишілер бағындырған белес

Балғын бишілер бағындырған белес

Би билеу адамның көңіл-күйін көтереді. Сонымен қатар түрлі қозғалыстарды жасау арқылы қан айналымы жақсарып, бой жеңілдеп, ми тамырлары кеңейеді екен. Биді спортқа жатқызудың да өзіндік себебі бар. Өйткені би көп энергияны қажет етеді.

Қазіргі таңда баласының биге деген икемін байқаған ата-аналар оларды жастайынан би үйірмесіне беріп жатқанын жиі байқаймыз. Бұл – жас бүлдіршіндердің өнердің биік шыңынан көрінуімен қатар, сұлу да сымбатты, дені сау болып өсуіне зор ықпал ететінін көрсетеді. Сондай-ақ мұндай жастың өнерге, өмірге деген сүйіспеншілігі артып, іскерлікке, еңбекке деген қызығушылығы оянары анық. Би тек сырт келбетті ғана емес, рухани ішкі жан-дүниесінің баюына да өзіндік үлес қосады. Зиянды әдеттерден аулақ болуға баулиды, көркемдік талғамын дамытады. Бүгінде осы саланы өркендетуге өзіндік үлес қосып жүрген жанның бірі – Аймереке Арыстанбекова. Ол 2017 жылы Жаңажол ауылдық клуб үйінің директоры қызметінде болған, ҚР мәдениет және өнер саласының үздігі Серік Сапақовтың қолдауымен ашылған би үйірмесіне жетекшілік етеді. Балғындарды би өнеріне баулып жүргеніне де биыл 7 жыл болады екен.

Жалпы би өнері – әуеннің ырғағымен дене қимылы арқылы көрсетілетін өнер. Әрбір өнер адамзаттың сезімін, қайғы-қасіретін, ойын, түрлі тарихи оқиғаны адамдарға өзіне тән амал-тәсілдермен жеткізуге тырысады. Әр өнердің өзіндік ерекшелігі бар. Би өнері – тілсіз өнер. Оның да айтар мағынасы бар. Мұнда адам ойындағы, жүрегіндегі жазуды би тілімен жеткізе білу басты шарт. Ол үшін қолдың, дененің, саусақтың, буын­ның әр қимылы үлкен рөл ойнайды. Үйірменің «DM» деген атау бердік. Толық айтылғанда Dance Machines ағылшын тілінен аударғанда «Ең жоғарғы жылдамдықтағы би машиналары» деген мағынаны береді. Негізі арнайы би мектебін бітірмегенмін. Қызығушылық пен жеке кәсіпкерлік ретінде ашылған бұл жұмысым бүгінде мені түрлі биіктерге көтеріп келеді, – дейді Аймереке.

Би өнерінің білікті маманның үйірмесінде қазірде 42 шәкірті бар. Біршама аудандық, облыстық және республикалық байқауларда жеңімпаз атанып жүр. Қазіргі таңда би үйірмесі екі бағытта жұмыс жасайды. Бірі – ұлттық өнерді қамтыса, екіншісі – заманауи би жанры. 2022 жылы «Би де бір жұмбақ әлем» атты 5 жылдық есеп беру концертін өткізеді. Иә, ауылда жүріп те үлкен сахнаны бағындыруға болады. Ел көріп, жер көріп бойдағы өнеріңіз арқылы  арманға да қол жеткізуге болады. Мұны жаңажолдық биші қыздар дәлелдеп жүр.  Атап айтар болсақ,  өткен жылы «Таланттар топ жарған күн» облыстық байқауда бас жүлде қанжығасына байлайды. Сондай-ақ «Таланттар академиясы KZ» ұлттық құндылықтарын қолдау орталығының ұйымдастуымен Түркістан қаласында өткен «Екі дүние есігі, ер түріктің бесігі –  Түркістан!» атты республикалық байқауында да бас жүлдені иеленеді. «DM»-нің биші қыздары жыл сайын өз көрермендерін қайталанбас жаңа би қойылымдарымен қуантып, жадыраңқы көңіл-күй сыйлап келеді. Жақында балалар шығармашылығына арналған ХХVІ «Бозторғай» конкурсының аудандық іріктеу кезеңінде кішіи топ бишілері облысқа жолдама алған болатын. Қазірде осы бүлдіршіндер осы байқауға дайындық үстінде.

Адамзаттың бірінші ұстазы атанған ежелгі грек философы Аристотель «Би – адамдардың мінез-құлқын, ішкі жан-дүниесін, әрекетін көрсететін таза ырғақтың көрінісі, себебі би қимылдары туар кезде ырғақтық сурет әдетте оны туғызған сезім күйіне сәйкес келеді» деген екен. Ішкі рухани әлемімізді ашып, сұлулыққа тәрбиелейтін, игі қасиеттерді бойымызға сіңіретін би өнерін дәріптейтін жастарыдың қатары жыл санап артып келеді. Бұл қуантарлық жағдай. Шын өнерді бағалай білетін талғампаз көрермен, дені сау, өнерлі ұрпағымыз көп болғай!

Ақнұр САҒЫНТАЙ
23 сәуір 2024 ж. 191 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№35 (10300)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (10299)

30 сәуір 2024 ж.

№33 (10298)

27 сәуір 2024 ж.

Хабарландыру

Хабарландыру!

Хабарландыру!

29 сәуір 2024 ж.

Суреттер сөйлейдi

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031